Естеріңізде болса, былтыр сәуір айында әлемнің ең көп касса жинаға кинокомиксының сиквелі "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмінің қазақ тілінде кинотеатрларда шығатынын белгілі болған. Фильм Марвел Кинематографиялық әлемінің Екінші Фазасының бесінші фильмі. Ендеше, ондағы қызықтарға үңілсек.
1. Клинт Бартонның(Қаршыға көз) костьюмі сия көк және қара түстен тұрады. Бұл сұрмерген кек алушының түрнұсқа комикстердегі сия көк костьюмі және де, оның бұрындары Ронин есімді қарақшы болғанын еске түсіреді. Рониннің костьюмі түгелімен қара түстен құралған еді. 2. Фильмдегі кәріс ғалымы Хэлен Чо фильмде біраз рөлді алды. Және де комикстердегі оның ұлы – Амадеус Чо Марвел әлемінде ауқымды орын алады. Ол басқа әлемдердің бірінде Халктың күшіне ие болған еді. 3. Фильмдегі желаяқ Пьетро Максимофф(Күміс желаяқ/Сынап) 2014 жылғы Брайан Сингердің «Икс-Адамдар: Өткен болашақтың күндері» фильмінде де болды. Ең қызығы екі фильмдегі осы кейіпкерді сомдаушылар Эван Питерс пен Аарон-Тейлор Джонсон тағы бір Марвел комикстері желісімен түсірілген «Пипец» фильмінде жақын достардың рөлін сомдаған еді. 4. «Stark» мұнарасы немесе Кек алушылардың штаб-пәтерінің алдында орналасқан ескерткіш 2012 жылғы «Кек алушылар» фильміндегі читаурилердің шабуылынан қаланы қорғап, қаза тапқандар құрметіне салынған. 5. Кек алушылардың жеңісі құрметіне ұйымдастырылған кештің соңында Тор басқа команда мүшелеріне өзінің куәлін көтеріп көруін ұсынады. Бұл шағын жарысқа Наташа Романофф қатысуға бас тартады. Бірақ, Марвелдің басқа әлемінде Қара жесір Тордың «Рагнарек» оқиғасынан кейінгі қазасынан соң, куәлді көтеретін күшке ие болып, найзағай мен құйын құдайына айналған еді. 6. Ал Стив Роджерс(Капитан Америка) куәлді сәл жылжытады. Әрине, бұл Капитанның Марвелдің тағы бір басқа әлемінде осы күшке ие болатынына сілтеме болуы да мүмкін. 7. Вижн куәлді көтереді. Және еш қиындықсыз. Себебі, ол – робот. Бәрімізге белгілі, роботтардың жаны болмайды. 8. Фильмдегі Ваканда елі комикстерде Т’Чалланың(Қара пантера) отаны. Және де вибраниумның ең көп кездесетін жері. 9. Және де металл делдалы Улисен Клоуда осы Ваканданың тұрғыны. Оның татулары вибраниумды ұрлап алғанының дәлелі. Кейін ол Альтронды Тони Старктың меншігі деген кезде, Альтрон ашуланып оның қолын шауып тастайды. Бұл әрине, комикстердегі Улисеннің вибраниумнан жасанды қол жасап супержауызға айналатынына сілтеме. Және де «Қара пантера» фильміне дайындық. Улисен Клоу Қара пантераның ең басты қарсыластарының бірі. 10. Альтрон егіздермен сөйлескен кезде «адамдар қаруды жасайды, ал Жаулаушылар Кек алушыларды жасайды» дейді. Бұл қырқыншы жылдардағы «Жаулаушылар» командасына сілтеме. Оның құрамы – Нэмор, Капитан Америка, Баки, Жалын-адам және оның көмекшісі Тородан тұрды. 11. Алқызыл мыстан Кек алушыларды дуалап, аян жібергенде біраз нәрсені аңғаруға болады. Тордың көргені оның алдағы болашақта болатын жеке фильміндегі оқиғаларға қатысты болу керек. Яғни, 2017 жылы шығатын «Тор: Рагнарек» фильмі. 12. Ал Қара жесірдің көрген аяны оның комикстердегі ориджинімен сәйкестелген. Ол жасөспірім кезінде балерина болған және КГБ агенттері оған тәжірибе жасаған еді. 13. Капитан Американың аяны бұл Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейінгі сәт болу керек. Біздің Стивтің Пэгги Картерді биге шақыруға уәде бергенін көрген едік. Алайда, ол өз уәдесін орындай алмап еді. 14. Альтрон егіздермен алғаш кездескен кезде жамылғы киіп отырады. Бұл оның комикстердегі алғашқы пайда болған сәтін еске түсіреді. Альтрон ол кезде «Алқызыл күлпәра» атымен танылған еді. 15. Халкты тыныштандыруға арналған костьюм «Вероника» деп аталады. Вероника – бұл комикстердегі Тони Старктың кездескен қызы – Вероника Бэнниге сілтеме. Ол комикстерде Тонидың сол қолын құтқарған еді. Ал фильмде «Вероника» машинасы Тониға жаңартылған сол қол берді. 16. Халк пен Халкбастердің арасындағы айқас кезінде қораптар құлаған жүк көлігін көруге болады. Көліктің сыртында «CRAWFORD» деп жазылған. Бұл комикстердегі Джэфри Кроуфордқа сілтеме. Ол Брюс Бэннердің қоспасын өзіне қолданып, «Ревенджеринг» деп аталатын зұлымға айналған болатын. 17. Тони Старк соңғы айқас алдында «FRIDAY» бағдарламасын костьюмге жүктеп жатқанда көзге бұлдырап «IOCASTA» деген жазу көрінеді. Иокаста, бұл – комикстердегі Альтронның әйел нұсқасы болатын. 18. Фильм соңында Наташа Клинтпен байланысқа шығады. Және де жаңадан дүниеге келген сәбидің аты – Натаниэль Пьетро Бартон. Бұл – Наташа Романофф пен ақтыс айқас кезінде Клинтты қорғап қаза тапқан Пьетроның құрметіне қойылған есім. 19. Ақтық айқас аяқталған соң Вижн Алқызыл мыстанды құтқарып қалады. Бұл да әрине комикстердеге Вижн мен Ванданың арасындағы махаббатқа сілтеме. 20. Альтронның фильмде екі рет айтқан әні «Пиноккиоға» сілтеме. 21. Марвел Кинематографиялық Әлемінде Екінші фазаның барлық фильмдерінде бір кейіпкер қолынан айырылады, бірақ, барлық жойылған қолдар қайта өсіп шығады, Мысалы, «Темір адам 3» фильмінде Олдрич Киллиан Тони Старктың кесірінен қолынан айырылады. Алайда, оның қабілеттері қолын қайтаруға көмектеседі.Тағы ескерер жәйт, былтыр жазда "Құмырсқа-адам" атты осы Кек алушылардың әлеміне кіретін фильм шықты. Онда 70 жылдары Құмырсқа-адамның костьюмін ойлап тапқан Доктор Хэнк Пимнің өз мұрагерін іздеуі жайында айтылады. Екі фильм де өте қызық! КӨруге кеңес берер едім.
P.S. - "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмінің қазақша нұсқасы ғаламторда бар ма? Бар болса сілтеме тазтаңыздаршы, өтініш! Алдын ала рахмет!