«Қазақстанда кино өнімінің дамуы»

«Қазақстанда кино өнімінің дамуы»
жеке
блог

                              «Қазақстанда кино өнімінің дамуы»

    Қазақстанда ежелден ақ тарихымыз қалыптасып келуде .Ол тарих қазір бізге жетті.Бізден кейін, біздің ұрпаққа да қалады. Қазір дамыған заман болғандықтан,тарихымызды көрерменге паш етуге мүмкіндік  бар.Ол  қалай десеңіз ? кино   арқылы оны түсіндіру ,көрсету. Халыққа да , басқа да елге  көрсету үшін, кино ретінде де түсірген болатын .Бұл өте ыңғайлы ,себебі бұл  көрермендер  үшін  оны білуге  ,тануға мүмкіндік сыйлап отыр.

     Ал қазір 21 ғасыр болғандықтан , біздің заман дамған .Дамығандығы соншалықты қазір өзіңізде білесіз қолдағы ұялы телефон арқылы сізде киноға ұқсас немесе сериялдар түсіре аласыз .Оның аудиторияға ұнаса болды  рейтингі көтіріледі. Міне, осылай бағыңыз жанып кетеді.Осылайша қазақстанда көптеген актер,актрисалар бар. Оны бірі танып ,бірі танымай жатады .Оның себебі көптеген кино, сериялдар  шықты .Ал халықта оны көруге таңдау бар .Себебі көрерменің қандай жанр көреді, өз таңдауын  қалап  көре бастаса болады.  Осы соңғы жылда бізде  кино, серия түсіру бойынша дамып келеді. Бұрында ,бізде ой болатын яғни, ол сол  кездегі жастардың қалыптасқан  ойы еді. Жастарда  Корея  халқындағы   дорама деген  түсінік болатын.Дораманы сол кезде жастарымыз көріп.Оған қызығушылық танытып,сол елдегі  кино түсірудегі саласына өнеріне қызығатын.Сонда біздің жастар бізде неге дорама секілді серия ,кинолар түсірмейді деп айтушы еді . Міне, сол кездегі жастардың айтқаны келдіме білмеймін,қазір шүкір деп те айтайын ,себебі қазақтың салтын ,сыпайылығын , қонақ жайлылығын актер шеберлгін көрсететін көптеген   кинолар, сериялдар шықты .

 Мен әрине, тақырып басында да айтып жатырмын. Кино әлемі  тарихи да басқада жанрда  да түсірді деп .Тіпті,дорама секілді де түсірілді .Яғни, соған тоқталғым келіп тұр. Қазіргі таңда елімізде  «Аппақ келін», «Няня», «Жездуха»,Шекер, Сәке,Келінжан,Потруль,Сержан братан т.б сериялдар елімізде жарық көрді.Қазақстандықтар үшін бұлардың барлығы таныс.Көрермендердің  көңілінен шықпаған сәттері болмаған.Осылардың  біреуіне тоқтала кететін болсақ.Мысалы:Келінжан телесериялы қаншама сезонан тұрады .Алғашында мүлдем танымал болмады. Бірақта, халыққа ұнап жоғары деген көрсетілім жиналып  ,көптеген шоуларға жолдама алған болатын.Қазіргі таңда айтатын болсақ ойнаған актер,актрисалар да өзінің ойын айтып жаттуда . Себебі бұл сериял халыққа ұнап,сол кейіпкерлердің өзінеде өтініштерін жазатынын,тағыда осы телесериялдын жалғасы болсын деп  ойын білдіртіп жатады.Келінжан қазіргі таңда 5 -ші сезонға жетіп қалды .Арнайы  желілерде де ,көрерменнің ықыласына бөленіп жатады. Келінжанның идеясы қалай туындағанын Гүлнұр ханымнан сұраған болатын ,Хабар арнасында «АЙНАЛАЙЫН» бағдарламасында .Гүлнұр ханым жауабы бойынша, барлығына үнді сериялы «Ананди» кінәлі дейді. Гүлнұр ханым қазақстандағы келінің өмірін көрсеткім келді дейді.Неге сол Анандидың тағдырын ғана көреді ?.Қазақтың да күн тіршілігін көрсеткім келеді деп ойын ашық айтқан болатын.  Міне, осылайша қазір халқымыз тек өзіміздің ғана телесериялмен тәрбиені де, бақытты да  барлығын  бірге көріп отыр.

 Қазақстанды шулатқан тағыда өзіміздің сериял «Аппақ келін» сериялы.Бұл серялда еліміздің салт-дәстүрін ұстанған,басқа елге еш өзгертпесіз барымызды көрсеткен болатын.Ең назар аудара кететін жағдай  басты рөлде ене болған Жанар Айжанова.Жанар апайымыз көптеген сериял,киноларда ойнаған болатын.Біреуі де, халықтың назарынан тыс қалмаған және көрерменнен алыс кетпеген.Аппақ келін» сериялынан кейін Жанар апайымызды «27-ші Пусан халықаралық кинофестивальға» шақырған жайлы өзінің инстаграм парақшасында жазған болатын.Жанар Айжанова үздік актриса болғанын  қуанышты жаңалығымен бөліскен болатын және басқа да актрисаларға өзінің жолын тіледі.Толығырақ «Хабар 24» телеканалынан біле аласыз.

 Қазақстанның болашағы өте зор, қай жағынан қарасақта .Бұл біздің 2-3жылдағы көрсеткішіміз болса, егерде біз әрі қарайда өзіміз дамып жатсақ ,өзімізбен қоса қоғам мен бірге дамысақ.Еліміздегі өнер жолына қосқан үлкен үлесіміз болар еді.Менің  айтқым келіп отырғаным «Сен қазақ екеніңді айтып еш қысылма.Сен тек қана, мақтан.»Ең бастысы дамуды бірінші өзінен ,екінші туған жеріңнен баста.