Қазақстан кино индустриясының жаңа туындысы

Қазақстан кино индустриясының жаңа туындысы
жеке
блог

 Жақында, Ермек Тұрсыновтың "Жат" атты жаңа туындысының қысқаша бейне баянына тап болдым. Ермек ағамыздың танымал Шал мен Келін атты фильмдерінен кейін, бұл да өзгеше бір әсер қалдырар деген ойдамын. Осы кино жайында көптеген мәліметтерді оқып жинағаннан кейін, сіздермен бөлісуді дұрыс деп есептедім. Ал кеттік!

Ермек Турсынов

Біріншіден, Ермек ағамыздың өзіне тоқталып кетейік. Ол Алматы облысында 1961 жылы дүниеге келген; Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық Университетін бітірген және еліміздегі танымал режисерлердің бірі. Қазірге, Ермек ағаның қазақ жерінде ғана емес, шетелде де адамдарға ұнаған алты фильмы бар. Оның ең бірінші туындысы  - "Келін", тіпті, Оскар жүлдесіне үміткер болған. Ал, одан кейінгі "Шал" атты туындысы бірнеше баспалармен Казақстандағы сол жылдың ең мықты фильмі ретінде мойындалды. Ендігі кезекте, "Жат" атты, келесі үлкен жетістік.

жат

Ұжымдастыру, репрессия мен депортация заманы. Тағы да бір ауылды колхозға айналдыру устінде. Ал, жан-ұясыз, жалғыз қалған кішкентай Ілиясті “Енді қалай боламын?” секілді маңызды сұрақтар мазалап жүр. Үйде тек бие мен соның құлыны ғана қалды. Кейін сол жалғыз биені көрші алып кеткенде, Ілияс құлынды алып таулы аймақтарға кетеді. Бірақтан, бұл фильмнің мақсаты шын болған адамның оқиғасын ғана айтып беру емес, көрерменге ой салар  маңызды философиалық ойларды жеткізуде.

Ілияс

Фильмнің басты идеясы сұрақтарға жауап беру емес, көрермендерде сұрақ тудыру, ойландыру. Оның барысында бостандық пен қатал ережелер, жалғыздық пен көпшілік, адам мен табиғат арасында көптеген салыстыруларды байқауға болады. Ең басты мәселе – осындай қатігез заманда калай адам болып қалуға болады?

Сыншылардың айтуларына сүйенсек, Ермек Тұрсыновтың туындысы керемет табиғат көріністеріне тола, операторлық жұмысы өте жоғары және әсерлі болып шықты. Артық кадрсыз, әр үзіндісі басқаларымен жалғасқан, бір деммен көретін фильм.

Бұл фильм Қазақстан атынан Оскар жүлдесіне үміткер ретінде шығарылды. Ал жақында өткен, Торонтодағы 40-шы кинофестивалінде көрсетілген болатын және сол жердегі киносыншыларға ұнаған секілді. Одан кейін, “Жат” Variety, Hollywood reporter, Le Screen, Screen today сияқты танымал журналдардың сыртқы бетіне шыққан болатын. Жалпы айтқанда фестиваль қатысушылары фильмді келесідей сипаттайды: “Өзінің туындысында, Тұрсынов өткен оқиғалар жайындағы классикалық киноның керемет үлгісін көрсетті. Жалпы фильм тек қазақ фольклорынан ғана емес, еліміздің жақында құрылған тарихынан да түбін алып отыр. Ал, бұдан алдын “Келін” атты фильмде Ермек ағамен жұмыс істеген, Ержан Нұрымбеттің керемет актерлық ойыны, халқының басына қонған  қиындықты бүкіл бойынан өткізген, Ілиястың шынайы кейіпін тудырып толығымен көрерменге жеткізді.”

Журналдар

Соңына келгенде, осы кино жайында осыншама естіп оқығаннан кейін еліміздегі премьерасына міндетті түрде барамын деп шештім. Сіздерге де баруға кеңес беремін. Бұдан әрі, елімізде осындай басқа да жақсы кинолар түсіріледі деп үміттенемін.