Қазақ қалай құрбан болып бара жатыр...?

Қазақ қалай құрбан болып бара жатыр...?
жеке
блог
Жалпы қазіргі кезде қазақ елін жаулап алған түріктің, үндінің, кәрістің сериалдары...
Қаншама алтын уақытын жіберіп көретіндер жетерлік. Мысалы, көшеге шығып өтіп жатқан халыққа екі фильм ұсынайық, біреуі қазақтікі, екіншісі кәрістікі. Нақтылап айта алмасақта көпшілігі кәрісті таңдайтыны анық, неге? Олар жастарды да тіпті үлкен ата-әжелерімізге дейін жаулап алды, мектепте болсын немесе автобус т.б жерлерде естіп жатамыз, "Келін" былай болыпты кеше, Ананди былай істеді деген сөздерді. Мұның бәрі қазақта режиссер жоқ деген сөз емес, бар...
Қазақта барлығы бар, тек қолдау мен көрермен жоқ. Үндінің "Келін" телехикаясын көретін болсақ  олар өздерінің тарихтарын түсірген, салт дәстүрін түсірген, Әйелдер ерлерімен отырып тамақта ішпейді, кішкентай қыздардың тұрмысқа шығуы... 
немесе "Джодха және Акбар" -ды көретін болсақ бізге де дәл сондай фильм түсіруге болады, "Қозы мен Баян" деп. Қазақта ғашықтар туралы фильм жоқ емес бар, жетерлік... Бірақ осы заманғы жаңа форматта, түрлі түсті декорацияларды пайдаланып түсірдік делік, біздің көрермендеріміз үлкен ата-апаларымыз, және ақын немесе шығармашыл жастар ғана болуы мүмкін...
Неге біз ондай фильм түсірсек жоғарғы рейтингке ие бола алмаймыз...?
Жоғарыда айтқандай өзге елдің фильмдеріне кіріп кеткенбіз...
Белгілі продюсер Баян Есентаева біраз фильмдер түсірді, әр фильмінің өз көрермендері пайда болды, бірақ белсенділік болмады... Фильмдерінде актерлар өзіміздің танымал әншілер болды басым көпшілігі... Неге нағыз актерларды алмасқа, алды делік фильмнің көрермендері сәл азырақ болар еді...
Себебі, өзімізге қатты таныс емес адамға біз қазір мән бермейміз... Ол қанша жерден мықты актер болыр ойнап жатсада, жақтыртпай сынап отыратындарда табылады. 
Қазақстан өзге елдің фильмдерін алып көрсетіп жатыр. Егер түсірген фильм мықты болса, мән мағынасы зор болса бағасыда қымбат болар еді. Өзіміздің отандық арналар бұлай алмас еді. Өзге елдер мән мағынасы жоқ фильмдерді көптеп жіберіп жатыр. Сол фильмдерге тәуелділік күннен күнге артып келеді...
Іштен шыққан жау жаман... Кәрістің, үндінің, түріктің сериалдары ішімізге кіріп алған, қазір жүрек тұсымызда жүр. 
Көшедегі біраз адамдармен сұхбат жүргізгенімде қазақтан танитын режиссерлары: Рүстем Әбдірашев, Еркін Ракышев, Ақан Сатаев деп осы есімдерді көпшілігі айтып жатты. Ал қандай фильм түсіргендерін білмейтін, тек режиссерлардың аттарын білетіндерде табылды... 
Мен ешқандай да қазақты не болмаса қазақ фильмдерін жамандап отырған жоқпын... Тек, Біз шат шадыман болып, күліп ойнап тойлатып жүргенімізде қайран қазақ өз жерінен өзі қалай ысырылып бара жатқанын білмейді...