Сәлеметсіздер ме?! Менің комикстердің, оның ішінде Өрмекші-адамның жанкүйері екенімді білетіндер де бар, білмейтіндер де бар. Сол Өрмекші-адамның жақында бір трилогиясы аяқталды. Бұл ресми ақпарат болып табылады. Сонымен рецензияға көз салыңыздар!
Мен рецензияны 10 бөлікке бөлмекпін. Ендеше, сол бөліктермен таныс болыңыздар:
1. «Жаңа Өрмекші-адам» трилогиясы бізге не берді?
2. Трилогияның алғашқы трилогиядан артықшылығы мен кемшіліктері!
3. Ұзақтығы...
4. Кейіпкерлер мен әртістер...
5. Бюджет пен касса...
6. Қызықты фактілер...
7. Жіберілген қателіктер...
8. Дубляж...
9. Нақты қорытынды...
10. Келер трилогиядан не күтеміз?!
1. «Жаңа Өрмекші-адам» трилогиясы бізге не берді? Трилогия бізге Питер мен Гвеннің арасындағы махаббат арқылы, нағыз махаббаттың қалай болу керектігін көрсеткендей болды. Соңында өліп кеткені өкінішті болды.
Трилогия бізге сонымен қатар, сәл өзімшілдіктің арты үлкеен қайғыға апаратынын көрсетті.
2. Жалпы алғашқы трилогия менің ойымша екіншісінен сәтсіздеу болған секілді. Қателіктер көп болды. Жалпы ең үлкен қателіктерін шолып өтсек:
Кейіпкердің өмірбаянымен дұрыс таныстырмау.
Алғашқы яғни, Сэм Рэймидың трилогясы басталғанда, Питер бірден 16 жастағы мектеп оқушысы болып тұрды. Көзіне көзілдірік киген, әлсіз баланың рөлін бірден алып кетті. Өрмекші-адамды бірінші рет көріп тұрғандар: «Неге мамасын „тәте“, әкесін „дядя“ дейді» деп ойлап қалуы мүмкін.
Ал екінші, Марк Уэббтің трилогиясында, Питердің балалық шағынан бастап көрсетті. Оның әкес мен шешесі Ричард пен Мэри, тәте-ағаларының үйіне апарып тастағаны жайлы көрсетілген. Яғни көрерменге барлығын жақсы түсіндірген.
Сэм Рэймидің фильмінде боевик пен фантастиканы ғана алып жүрген.
Ал Марк Уэбб болса фильмге комедия жанрын да қосты. Оған қосы драма да бар. Мысалға алсақ «Андағың пышақ па? Пышақ көрсем зәрем ұшад», бетпердемен мектеп бітіру кешіне айырып кетіп бара жатқан Питер… Тағы да басқа күлкілі жерлер болды.
Питер бірінші трилогияда өзінің Өрмекші-адам екенін ел жұртқа көрсетіп қойған жерлері болды. Ал екіншісінде онша көп емес.
3. Ұзақтығы... Бірінші фильмнің ұзақтығы түпнұсқа бойынша 136 минут болды. Бірақ біз(Қазақстан) оны 130 минутқа қысқартып, қазақ тілінде көрдік. Яғни кейбір жерлерін білмейміз...
Ал екінші фильм 141 минутқа созылды. Қазақша нұсқада қысқартулар болмады.
4. Кейіпкерлер мен әртістер.
Басты кейіпкер Питер Паркерді Эндрю Гарфилд сомдады. Бұл жігіт өзі осы рөлге лайықты. БІрақ қаһарман ретінде маған жақпады.
Ал екінші орында Гвен Стейси. Оны Эмма СТоун ойнады. Оригинал комикстегі Гвенге ұқсамайды, бірақ өте әдемі. Осы рөлге сәтті келген.
Онан соң - Курт Коннорс. Курт Коннорс жалпы, тек бірінші фильмде ғана болды. Оны Рис Иванс жақсы ойнай білді. Кесірткені өзі ойнамағанын алсақ әрине)
Одан кейін - Макс Диллон. Оны ойнаған Джейми Фокс аңқау әрі жуас адамға қатты ұқсайды. Дегенмен ол Электроға айналған да зұлмат әрі қатал жанға айналды.
Сөйтіп бесінші кейіпкер - Гарри Озборн болды. Оны ойнаған Дэйн ДеХаан мультфильмдегі(қайсы екенін ұмыттым) Гарридың өмірге тіріліп келген бейнесі секілді болды. Гоблинге айналғанда макияж қатты кетті.
Қалғаны қажет еместе шығар)
5. Бюджет пен касса...
Алғашқы фильмге 230 млн. $ жұмсалды. Және 757 млн. $+ тапты. Ал екінші фильмге 200 млн. $ кетіп, 708 млн $+ касса түсті. Яғни 430 млн. $ кетіп, 1 465 млн. $ келген.
6. Жойылған сахналар.
Екі фильмнің жойылған сахналарын қосқанда 45 минуттай шығады. Оның ішінде, доктор Коннорстың ұлымен сөйлесуі, оны Паркердің аңдуы, т. б. сахналар бар. АЛ екінші фильмде Питердің Гвеннің мазарының қасында, әкесі Ричардтың пайда болуы секілді сахналар жойылды. Жалп Марк Уэбб көп еңбектенді. Бірақ продюсерлердің қырсықтығы, осы жағдайға душар етті.)
7. Жіберілген қателіктер.
Бірінші фильмде:
Өрмекші-адам фильм оратсында қаланы саяхаттап жүргенде оның өрмектері жоғалып кетті.
Питер алғаш мықты күшке ие болған күні жуынатын бөлмеде, айнаға жағылған тіс пастасының көлемі кадр сайын ауысып тұрды.
Коннорс Кесірткеге айналғанда оның көлемі үлкейді. Логикалық тұрғыдан қарағанда, оның киімі жыртылып кетуі керек еді. Бірақ келесі сахналардың бірінде оның үстінде халат бар.
Өрмекші-адам көпірде Джекті құтқарғанда, маскасын шешті. Бірақ көпірге қайта көтерілгенде, оның бетінде маска тұрады. Егер бір қолмен өрмекті басқарып, екіншісімен Джекті ұстаса, ол масканы қалай киді?
Гвен құлап түскенде, Өрмекшінің өрмегі көптген элементтердің ортасынан өтіп, дәл Гвенге жабысады.
Тағы басқа...
8. Дубляж.
Дубляжға Питер Паркердің рөліне Мерей Әджібеков, Гвен Стейсиді - Әлима Қайырбекова, Капитан Стейси мен Макс Диллонды - Азамат Қанапия дыбыстады. Және Мэй Паркерді Тынышгүл Сұлтанбердиева, Гарри Озборнды Дархан Сүлейменов, Дональд Мэнкенді - Жәнібек Жақыпов дыбыстады.
Мерей Әджібеков: "Мен Паркерді бірінші фильмде дыбыстағанда, маған қиынға түсті. Біріншіден, бұл менің голливудтық фильмдердегі алғашқы дубляжым болды. Екіншіден, менің кейіпкерім жасқаншақ, ұялшақ болды. Ал мен болсам керісінше, көңілді әрі тез тіл табысып кете аламын. Ал сиквелде маған жұмыс жасау оңайға түсті. Паркер кішкене ашылды. Екеуіміздің мінезіміз бірдей болды."
Ал дубляж өз басыма ұнады. Ең бастысы - бәрі түсінікті!
9. Нақты қорытынды!
Нақты қорытындыны айта кетсек. Питер Паркердің әлемі маған да көптеген өзгерістер әкелді. Өз басым, тек қана Питерден емес, Гарриден де үлгі алуға болады. Бірақ гоблинге айналып, адамдардың үмітін үзу емес әрине.
Трилогияда Питер үш жақын адамынан айырылды: Бен Паркер, Джордж Стейси, Гвен Стейси. Ол басқаларын қорғағанымен, жақындарын қорғай алмады :( Осылай бізді жылата білді.
Трилогиядағы күлкілі сәттер, өмірдегі фразаларыма айналды. Бұл фильмдерді көргеннен кейін, рюкзагымды тастамайтын болдым, скейт теуіп кеттім, ең бастысы - көңілді жүретін болдым :)
Бұл трилогия алдынғысынан гөрі, қаһарманның әлемі қиынға түсетінін көрсете білді.
10. Келер трилогяидан не күтеміз.
Келер трилогия Өрмекші-адамның үшінші "перезагрускасы". Бәрімізді жалықтырған мектеп, Бен ағаның өлімі, Флэштен таяқ жеу, жалықтырып жіберді. Бірақ, күтеміз. Себебі ол - Өрмекші-адам емес пе?!
Мен келер трилогиядан мектеп махаббаты ретінде Фелиция Хардиды, басты антоганист ретінде Шокерді көргім келеді. Бұл жай арман әрине, бірақ орындалса) керемет болар еді."
Рецензиямның аяғы осы болсын, көріскенше!