Жақсы динозавр
блог
Диснейдің мультфильмдерін қарау балаға ғана емес үлкен кісілерге де әрқашан қызық. Мүмкін, диснейдің ең ұтымды тұсы осы шығар.
"Хороший динозавр" атты мультфильмнің көрсетіліміне жолым түсті. Екі інім менен бұрын қатты қуанды. Себебі, олар мен ойлағаннан да динозаврлар жайлы көп біледі екен.
Мені қызықтырған мына бүлдіршін болды. Ол сандай ақылды және динозаврлар заманында өмір сүруге бейімделген. Ең қызығы, мультфильмде ол адамнан гөрі динозаврдың күшігіне қатты ұқсайды. Шыны керек, осы ойыма әбден күлдім :). Мүмкін, алғашқы адамдар сондай болған шығар (бұл інімнің маған айтқан ойы).
Арло есімді кішкентай динозавр өмірге келеді, бірақ ол динозаврға сай емес өте қорқақ болады. Өмірдің өзі оны қорқынышынан айыру үшін өмірдің соқпағына салады. Мультфильм баланы бауырмалдыққа, өзіне сенуге, ата-ананы жақсы көріп қана қоймай оларды тыңдауды үйретеді. Достықтың не екенін көрсететін жақсы мысал.
2-10 жас аралығындағы балаларға арналған тәрбиелік мәні бар жақсы мультфильм. Мультфильмде қуаныш, қайғы, сенім, мейірімділік бәрі бар. Балаңызбен, ініңізбен бірге мәз болып көретін ең жақсы туынды.