Бүгінгі "Сырласу" айдарының қонағы жас актер Мейiрғат Амангелдин. Достарының арасында сыйлы, қарапайым актер қызықты өмірінен сыр шертті.
Ж:-Көңіл күйіңіз қалай,Мейiрғат мырза!-Көңіл күй керемет!Алматыда әрқашан да көңіл күй керемет болады.Алматы бізге ыстық.Бұнда көңілсіз жүру дұрыс емес.
Ж:-Жалпы сізді кино әлемінде "Алмас қылыш" тариxи фильміндегі Қасым xанның рөлін сомдаушы ретінде танимыз.Осындай үлкен дара тұлғаны сомдау сізге қиындық туғызған жоқ па?-Әрине,бұндай тариxи тұлғаны сомдау,қиындықтан бұрын қорқыныш болды.Өйткені,үлкен жүк артылды.Осындай тұлғаны сомдауда қиындықтар болды.
Ж:-Қалың көрерменнің арасынан ерекше ықыласқа бөленген фильмнің жалғасы шыға ма?-Ал жалғасына келер болсақ,Алла қаласа шығады.Өзімізде екінші бөлімін тағатсыздана күтудеміз.Жақында түсірілім басталады.
Ж:-Еліктейтін,яки ұқсағыңыз келетін тұлға бар ма?-Еліктемеймін.Бірақ үлгі тұтатын Дәурен Серғазин,Адил Аxметов ағаларым бар.Ал шетелден Сергей Безруков,Константин Хабенский ұнайды.
Ж:-Мамандық таңдау ол өмірдің бір кірпішін қалау,яғни оны таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сізге болашақ кәсібіңізді таңдауда ешкім қарсы болған жоқ па?-Мамандық таңдауда қателеспедім деп ойлаймын.Бала кезден арманым еді.Әкем мен анам да өнерден кемде емес.Олар еш қарсылық танытқан жоқ.Таңдағаныма еш өкінбеймін.
Ж:-Қазірде көгілдір экрандағы қазақ киносына берер бағаңыз?-Қазақ киносы дамуда.Тіпті өткен жылмен салыстырғанда алдағы жоспарлар көп.Өкінішке орай қазақ тіліндегі кинолар аздай.Оған да жай-жай келерміз.
Ж:-Байқауымша,теледидарды қарап отырып,сол кәсіптің иісін сезбейтін адамдар көбейіп кеткен сияқты.Осыған қалай қарайсыз?-Иә, дұрыс айтасыз.Бірақ бұған жауап бере алмаймын.Артық айтып,біреуді ренжітіп алармын.
Ж:-Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?-Ары қарай осы фильмнің жалғасы бар.Театрда біраз премьералар бар.
Ж:-Көп қыздардың көкейінде жүрген сұрақ-жеке өміріңіз.Осы жайлы айтып өтсеңіз!-Жылдар өте келе айтармын.Алдымен шығармашылығымды дамытып алайын.Әзірге құпия болып қалсын.
Ж:-Сүйікті журналистіңіз кім?-Нартай Аралбайұлы
Ж:-Жаһанда болып жатқан елеулі жаңалықтарды қайдан оқисыз?-Ғаламтордан көреміз.(инстаграм деген бәле болды ғой)Жаңалықтардан көреміз.
Ж:-Өмірлік ұстанымыңыз қандай?-Адам болып келдім,адам болып қалу.Жақсы актер болу үшін-жақсы адам болу керек.
Ж:-Оқырмандарға айтар тілегіңіз болса,марxабат!-Оқырмандарға шығармашылық табыс тілеймін.Ең бастысы,өз ісінің маманы болыңыздар,бола біліңіздер!
Ж:-Алтын уақытыңызды бөліп,сұxбаттасқаныңызға алғыс білдіреміз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын.Алла разы болсын! Қазақ киносын әлемдік деңгейге жеткізіңіз!