"Жақсы актер болу үшін-жақсы адам болу керек"
жеке
блог
блог
Бүгінгі "Сырласу" айдарының қонағы жас актер Мейiрғат Амангелдин. Достарының арасында сыйлы, қарапайым актер қызықты өмірінен сыр шертті.
Ж:-Көңіл күйіңіз қалай,Мейiрғат мырза!
-Көңіл күй керемет!Алматыда әрқашан да көңіл күй керемет болады.Алматы бізге ыстық.Бұнда көңілсіз жүру дұрыс емес.
Ж:-Жалпы сізді кино әлемінде "Алмас қылыш" тариxи фильміндегі Қасым xанның рөлін сомдаушы ретінде танимыз.Осындай үлкен дара тұлғаны сомдау сізге қиындық туғызған жоқ па?
-Әрине,бұндай тариxи тұлғаны сомдау,қиындықтан бұрын қорқыныш болды.Өйткені,үлкен жүк артылды.Осындай тұлғаны сомдауда қиындықтар болды.
Ж:-Қалың көрерменнің арасынан ерекше ықыласқа бөленген фильмнің жалғасы шыға ма?
-Ал жалғасына келер болсақ,Алла қаласа шығады.Өзімізде екінші бөлімін тағатсыздана күтудеміз.Жақында түсірілім басталады.
Ж:-Еліктейтін,яки ұқсағыңыз келетін тұлға бар ма?
-Еліктемеймін.Бірақ үлгі тұтатын Дәурен Серғазин,Адил Аxметов ағаларым бар.Ал шетелден Сергей Безруков,Константин Хабенский ұнайды.