Соңғы уақытта не деген парадокс байқалып жатыр? Адам не қадарынша шынайы ғарышқа деген қызығушылығын көрсетуін қойса, виртуалды ғарыш адамның көңілін одан сайын өзіне тартып жатыр. Жер бетіндегі американдық NASA-ның жобалары сәтсіздікке ұшыраса, сол саладағы голливудтық киноның жетістіктері артып бара жатқаны көрінеді. Бұған дәлел Кристофер Ноланның жаңа фильмі - "Интерстеллар".
Жақында адам баласының жұлдызаралық саяхатын тамаша көрсеткен "Интерстеллар" деген кино прокатқа шықты. Режиссеры Кристофер Нолан - көптеген көріністі кинолардың ("Престиж", "Начало", "Помни" және т.б.) атасы, ХХ ғасырда қиял болып қалған ғарыш әлеміне үлкен қадам жасады.
Юрий Гагарин жер орбитасын енді көріп, ал Нил Армстронг айды аралап шыққанан кейін, Стэнли Кубрик 2001 жылы ғарыштағы жоғарғы ақылдың бар болуы туралы "Ғарыштық Одиссеясын" түсірген. Ал ХХ ғасырдың аяғында кинематографиядағы ғарыштық тақырыбы тоқтап, әрі қарай тек таза қиялдар ретінде қалған. Алайда "Интерстеллар" ұмытылып қалған ғылыми қиял-ғажайып киноны әлемге қайтадан таңыстырып, миллиондаған балалардың ғарышкер болу армандарын қайтадан оралтатын кино.
Макрожоспарлардың молшылығы мен жым-жырт тыныштықтың қосындысы бұл киноны NASA-ның шын түсірмесіне ұқсатады. Әрбір маңызды сөйлем немесе іс-қимыл мәнді музыкамен сәйкес келеді. Композитор Ханс Циммер, тыңдармандарды қайтадан таң қалдырып, шіркеу органымен "Гладиатор", "Черный Рыцарь" деген киноларының эпостық кернейлерін толықтай басып тастайды. Барлық аудио-визуалды кемеліне қоса, "Интерстеллар" технологиялық және ғылыми егжей-тегжейлеріне де назар аударады. Сұхбаттарында физика және астрономия салаларынан гравитация, сингулярность, Ньютонның заңдары туралы ақылды сөйлемдер жиі кездеседі. Осыған орай, Нолан әйгілі физиктердің бірі, Кип Торнмен жұмыс жасап, ғылыми теорияны шындыққа айналдыруға айтарлықтай еңбегін сіңірген. Бұған қоса, Артур Кларк, Роберт Хайлайн, Иван Ефремов сияқты ғылыми әдебиет жазушыларының ғарыш туралы идеясын Ноллан өз кинематография лентасына қосқан.
Адамгершілік ара қатынастар, парыз, құрбан болу, махаббат – бұл мәңгі сезімдер Жерден миллиондаған километр қашықтықта да мәңгі болып қалады. Дәл осы сезімдер басты кейіпкерлерді жер шетіне апарып, қиын, жауабы жоқ мәселелерге шешім іздеу үшін түрткі болады. Адамның жеке өзіне байланысты себептері барлық адамзаттың өмірімен ұштаса келеді. Осылайша Нолан адамның ғарышта тек кішкентай құм қиыршығы екенің қайта еске салғысы келеді. Алайда, адам жайменен бағына қоймайтын әрі батыл жан екенің де киносында көрсетеді. Әке мен баланың қосылуы және уақыт парадокстарды алдында бұл режиссердың "Начало" деген киносында да алдында кездескен, бірақ осыған қарамастан "Интерстеллар"-дың орны бөлек.
Мүмкін, киноның соңы барлық көрермендерге ұнамайтын шығар, себебі Нолан әлі көптеген жылдар бойы дәлелсіз қалатын ғылыми сюрреализмге бас бұрып кетеді. Бірақ бұл киноның істегені қазіргі мейнстрим киноларда сирек кездесіп бара жатыр. Ол көрерменді кейіпкерлермен бірге уайымдап, көптеген ойларға әкеледі. Ол көрермендерге бірінің үстіне басқа күшті идеяларды тастап күйретеді. Соңында біреулері кинотеатрдан жылап шықса, басқалары қара тесіктер, гиперкеңістік туралы ғылыми мәлімет оқуға ұмтылады, деп ойлаймын. Ноланның мансабындағы ерекше киноларының бірі "Интерстеллардан" көптеген кемтіктерді табуға болады, алайда осындай кино әлі өте ұзақ уақыт прокатқа шықпайды деген ойдамын.
"Интерстеллар" - бір рет көре салуға емес, "Интерстеллар" - қайта-қайта көруге арналған кино...