Интерстеллар

Интерстеллар
жеке
блог

            Әлем киноматографиясның ең көрнекті өкілдерінің бірі Кристофер Ноланның аты киномандардың көбіне мәлім. Оның фильмдерін әрқашан ерекше ықыласпен күтесін, себебі оның ұсынары бар. Қазіргі таңда қызықты, эмоция мен идеяға толы, түйер түйіні бар фильмдер өте сирек. Ал, бұл режиссер шын мәнінде өз жұмысын құрметтеп, сүйеді. Өзінің өнерге деген жеке көзқарасы арқылы ол кино әлеміне үздік туындылар әкелуде.   

           Осы жолы Нолан бізді түс әлеміне емес, тіпті қарауылдаған Готемнің көшелеріне де апармайды. Бұл жолы біз бұрмаланған уақыт пен кеңестік арқылы басқа әлемдерге саяхатқа барамыз. Сіз бұл саяхатты ұмыпайсыз, оған күмән жоқ.    

           Осыдан алыс емес болашақта адамзат алдында үлкен мәселе туындайды. Дамыған технологиялардың артынан жүгіру енді маңызды емес, себебі өсімдіктердің барлығы қырылып жойылуда. Яғни азық-түлік қоры күн санап тез азаюда. 

Инженерлер бізде жетеді. Телевизор, самолеттер де жеткілікті. Бізге азық керек

Міне, осы диалог үзіндісі фильмдегі әлем ситуациасын жарқын бейнелейді

           Бірақ та шешім өзін көп күттірмейді. Бұл адамдарға қолайлы басқа галактика іздеу. Фильм бойынша бөгде күштер Сатурн маңынан қоян апанын ашады. Және осы апан арқылы адамзат басқа галактикаларға жете алады. Басты рөліді сомдаушы Купер (Мэттью МакКонахи) негізгі тапсырмасы осы планеталардың ең колайлысын тауып, ақпаратты жерге жеткізу.

           Нолан бұл шығармасында апокалипсисті суреттеу үшін керемет арнайы эффекттерді қолданбайды. Әлемнің фильмдегі жағдайын көбінесе диалогтар және актерлік ойын арқылы көруге болады. Ал, космосты және басқа планеталардың табиғаттын суреттеген кезде фантазияға жол беріп, өте әдемі жеткізеді.

           Интерстеллерден кейін қалған сұрақ көп. Сұрақтар киноның сюжетінде емес, оның берген идеяларында. Кинода тек қана ғылыми тақырыптар қозғалмайды, сонымен қатар адамдардың қарым қатынасы туралы да мәселе қозғалады.