"Хотя бы в кино"

Бүгінгі күні кино- өнердің ең маңызды бағытының біріне айналды. Еліміздегі киноөндірістің соңғы жетістіктері көз қуантарлықтай. Тіпті ай сайын бір фильм көрерменге жол тартады десек , қателеспеспіз. Олардың көпшілігі комедия жанрына жақын. Расында діттеген мақсатына жетіп, көпшілкке ой салған фильмдер де бірен-саран.
    Осылардың қатарына мен - “Ең болмаса кинода .. “ (Хотя бы в кино” ) атты режиссер Тимур Дулатовтың кинокомедиясын қосқым келіп отыр. Басты рөлдерде: Қайрат Әділгерей, Дәурен Серғазин, Айбар Таңғыт, Гүлнәз Жоланова ойнаған.


  Актерлер өз рөлдерін ойдағыдай алып шықты. Бірақ фильмдегі басты кемшілік-тіл мәселесі мені алаңдатады. Өйткені картинаның атауының өзі орысша қойылған. Дегенмен, басқа отандық комедияларға қарағанда, айтылатын әзілдер, диалогтың 75%-ы ғана қазақ тілінде,ал негізгі ойды орысша жеткізген.
Кино авторлары шет тілін қолдану арқылы, аудитория жинаймыз деп ойлайды. Алайда, нағыз тіл жанашырлары үшін бұл үлкен сын.
Негізінде, фильмнің сценарийы, оқиғаның өрбуі көптің көңілінен шықты. Басты мақсат- үлкен проблеманың бірін айқын суреттеп, шындықты айту.
Фильм соңы, басты кейіпкердің“ біздің елде халықтың ақшасын жеп, шетелге қашып кеткен қаншама азаматтар бар. Бұл мемлекетте бір адам болса да жазасын алу керек хотя бы кинода … “,-деген сөзімен аяқталады.

Бұл картина қазіргі замандағы парақоплық, алаңғасарлық, жауапсыздықты негізге ала отырып, барлығын адами құндылықтарға берік болуға шақырады. Осындай көпшілікке жаңа дем беретін, қызық әрі мағыналы тауындылар көп болса екен деп ойлаймын. 



Бөлісу: