Гудбай, мой бай-2!
жеке
блог
блог
Кино өте жақсы түсірілген. Басты рөлді сомдаған жандар өзінің рөлдерін тамаша алып шыққан! Киноның 70%-ы күлкілі сәттер болды. Мән-мағынасы жағынан қәзіргі таңдағы маңызды тақырып жас отбасылардың ұзақ уақыт бірге тұра алмауы көтеріліп, аяғы happy end- пен аяқталды. Бұл фильм отбасының маңыздылығы, яғни құндылығы өзара терең түсіністікте екенін тағы бір мәрте дәлелдегендей. Меніңше, отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық бұл басты құндылық болып табылады. 2- ші бөлімнің алғашқы бөлімге қарағанда айырмашылығы бар, сапасының жақсы екені режиссёр мен сценаристтің жұмысынан көрініп тұр! Осы Гудбай, мой бай-2 фильмін барып, көріп, тамашалап қайтыңыздар! Фильм өте жақсы, мәнді-мағыналы. Керемет көңіл сыйлайтынына сенімдімін!