Гарри Поттер кітабы туралы...

Гарри Поттер − Британдық жазушы Джоан Роулинг жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы. Кітапта Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебінің оқушысы Гарри Поттер және оның достары Роналд Уизли мен Гермиона Грейнджерлердің бастан кешкен оқиғалары туралы айтылады. Оқиғаның негізі зұлым сиқыршы Лорд Волдемортты жеңу болып табылады. Лорд Волдеморттың көздегені − мәңгілік өмір сүру, сиқырлы әлемді қол астына алу, сиқыршы емес адамдарды жою және қарсы шыққандардың күлін көкке ұшыру. Ал қарсы шыққандардың ішінде басты кейіпкер Гарри Поттер де бар.

1997 жылдың 30 маусымында көптомдық кітаптардың бірінші бөлімі жарыққа шықты ("Гарри Поттер және Философиялық тас"). Дәл сол уақыттан бастап ол үлкен атаққа ие болып, дүйім жұртқа аты тез тарады. 2011 жылдың маусым айындағы сараптамада кітаптардың 450 миллион көшірмесі сатылғанын, әлем тарихындағы ең тез сатылған кітап аталып, 67 тілге аударылғаны көрсетілген, сонымен қатар, жазылған кітаптардың соңғы төртеуі ең тез сатылған кітап атағымен жаңа рекорд орнатқан.

Бұл шығармада, қиял-ғажайыптықпен қоса, жанрлардың көптеген түрлері кездеседі. Атап айтқанда: жасөспірім әдебиеті, құпиялық, триллер, оқиғалық, ғашықтық, т.с.с. Шығарма балаларға арналса да, Роулинг ханымның сөзіне сенсек, негізгі тақырып − өмір мен өлім. Ал бұдан басқа кемсітушілік пен жемқорлық тақырыптары да кездеседі.

Кітаптар ең алғаш рет Біріккен Патшалықтардағы(Ұлы Британия) "Блумсбёри" ("Bloomsbury"), ал Құрама Штаттарда " Мектеп баспасөзі" ("Scholastic Press") баспаханаларында басылып шықты. Кейіннен орысша нұсқасы Ресей Федерациясындағы "Росмэн" ("Rosman") баспаханасында басылып шықты. "Уорнер Броз." ("Warner Bros.") кинокомпаниясы соңғы кітапты ("Гарри Поттер және Ажал Сыйлары") екі бөлікке бөліп, барлық романдар бойынша 8 бейнефильм түсіріп шықты. Бейнефильмдер де кітаптар сияқты әлемдік деңгейде миллиондаған халықтың назарын аударып, үлкен мөлшерде қаржы жинады және осы атпен әртүрлі заттар жасалып, барлығы 15 миллиард АҚШ доллары пайда тапты.

Романда басты кейіпкер – сиқыршы-бала Гарри Поттердің әрбір жылдағы бастан кешкендері айтылады. Барлық жеті бөлімі де киноға арқау болған. 64 тілге аударылған. Жалпы таралымы 450 миллион дананы құрайды.

Кітаптың идеясы жазушыға 1990 жылы келген. Роман жазу барысында ол анасынан айырылған (1990), Португалияға кетіп, сол жерде ағылшын тілінен сабақ беріп (1991), Джордж Арантешке күйеуге шыққаннан кейін (1992 жылы) қызды болған. 1993 жылы күйеуімен ажырасып Англияға қайтып келген. Оның қолжазбасын 1995 жылы "Блумсбёри" ("Bloomsbury") баспасы қабылдап басып шығарады. Осылайша 1997 жылы Гарри Поттер жайлы алғашқы жарық көрген кітап әлемге тарап, балалармен қоса ересектердің де сүйікті кітабы болып, жандарын жаулап алады. Роулинг бірден кітаптың жалғасын жаза бастайды. Ол кітаптар біріншісінен де кең танымалдыққа ие болады. Осыдан кейін Джоанн Роулиңг әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылады.

Оқиғалардағы басты кейіпкерлер: Гарри Поттер, Гермиона Грейнджер, Рональд Уизли

.



Бөлісу: