"Французша ажырасу" фильмі
блог
31 мамыр күні Meloman холдингі және ұйымдастыруымен Алматы қаласы "StarCinema (ТРЦ MEGA Alma-Ata) 3D" кинотеатрында "Французша ажырасу" фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
Қоюшы-Режиссер: Мартен Бурбулон
Продюсер: Ромен Ле Гран, Джонатан Блюменталь, Вивьен Асланян
Рөлдерде: МАРИНА ФОИС, ЛОРАН ЛАФИТТ, САРА ЖИРОДО, ДЖОНАТАН КОЭН, НИКОЛЬ ГАРСИЯ
Франция киноиндустриясы жайлы бәріміз де білеміз. Ол елден неше түрлі тамаша кинотуындылар шыққан, "Французша ажырасу" фильмін де солардың катарына қоссақ артык болмас. Мартен Бурбулон бұл фильмге өте қызықты сюжет таңдап, өз ісінің шеберіне айналған актерлерді шақырып, қызықты және күлкілі фильм жасап шығарған!
Сюжетке келсек, екі адамның арасындағы өшпей қалған сезім және араларындағы кикілжіңнен өздері ғана емес, айналасындағы адамдардың зардап шегуін комедиялық жанрда жақсы түсірген деуге болады. Актерлар өз ролдерін тамаша ойнап шыққан, фильм басынан аяғына дейін күлкілі позитивті әзілдерге толы. Әзілдердің кейбірі 16-18 жастан аспаған көрермендерге көруге әлі ерте десек артық болмас. Ортақ баға бойынша 10 ұпайдың ішінен 7.5 бағаға лайықты. Егер достармен, таныстармен немесе өзің жалғыз позитивті, күлкілі кино көруге бел бусаң, "Французша ажырасу "фильмін тамашалауды ұсынамын!