Форсаж 9 фильмінің премьерасы қалай өтті?

"Форсаж 9" Солтүстік Америкадағы премьералық демалыс күндері 68 миллион доллар жинады және пандемия кезінде кассалық рекордшы болды. Франшизаның тоғызыншы бөлігі "Форсаж: Хоббс және Шоу"спин-оффынан көбірек пайда тапты. 2019 жылғы киносурет 60 миллион доллармен дебют жасады, дегенмен ол кинопрокат үшін қолайлы уақытта шықты.

Америкада фильм 25 Маусымда экранға шықты, қазіргі уақытта фильм бір уақытта 4 179 кинотеатрда көрсетіледі.Variety мәліметтері бойынша, көрермендердің 60% -ы ер адамдар, ал билет сатып алушылардың 51% -ы 25 жасқа толмаған. Демографиялық көрсеткіштер: көрермендердің 37% –ы испандықтар, 35% —ы еуропалықтар, 16% –ы африкалық американдықтар және 8% -ы азияттар.

"Форсаж 9-ды бір жылға ауыстыру туралы батыл шешім дұрыс болды. Біздің шығарылым отандық бокс-офисін жарықтатып, нарықты керемет жазға дайындады. Көрермендер әр түрлі болды, бұл кастинг пен франшизаның күшін көрсетеді", – деді Джим Орр, Universal-дың ішкі дистрибуция президенті.

Ресейде "Форсаж 9" пандемия кезінде 1 миллиард доллар шығарған алғашқы голливудтық фильм болды.



Бөлісу: