ЕҢ ҮЗДІК 5 МЕЛОДРАМАЛЫҚ ФИЛЬМ

ЕҢ ҮЗДІК 5 МЕЛОДРАМАЛЫҚ ФИЛЬМ
жеке
блог

 

Психологтардың айтуынша,мелодрамалық фильмдер көбінде меланхоликтерге ұнайды екен. Небәрі бір-екі сағаттың ішінде түрлі эмоцияны өткергіңіз келсе мына фильмдер таптырмас көмекші:

1)Ла-Ла Ленд

* АҚШ, 2016 жыл

* Ұзақтығы: 128 мин.

*IMDb: 8,7

ла ла ленд

Жеке джаз клубын ашқысы келетін дарынды пионист жігіт пен әйгілі актриса болғысы келетін бойжеткен туралы романтикалық хикая. Алғашқы кездері олар өмірлерінің соңына дейін бірге болатындай көрінеді. Алайда... Бастарына қонған бақ қарым-қатынастарына өз әсерін тигізбей қоймайды.


2) Бруклин

*Ұлыбритания, Канада, Ирландия, 2015 жыл

*Ұзақтығы: 111 мин.

* IMDb: 7,5

бруклин

Жас қыз Эйлиш Лейси жаңа өмір бастаймын деген үмітпен тыныш Ирландиядан шулы Америкаға көшіп кетеді. Кей қиындықтардан кейін оның өмірі сәттілікке толы бола бастағанда, бұрынғы өмірі оны таңдау жасауға мәжбүр етеді.


3) Вселенная Стивена Хокинга

*Ұлыбритания,2014 жыл

*Ұзақтығы: 123 мин.

*IMDb: 7,7

хокинг

Әйгілі физик Стивен Хокингтің жұбайының мемуарларынан құралған фильм. Бұл махаббат пен жақын адамдарыңның қолдауы қаншалықты маңызды екендігін көрсететін қайталанбас фильм.


4)Франц

*Франция, Германия, 2016 жыл

*Ұзақтығы: 113 мин.

*IMDb: 7,5

франц

Басты кейіпкер Францтың Аннаға деген махаббаты Бірінші дүниежүзілік соғыстың сұрапылына ұшырайды. Сүйіктісінің қабірінде оның досын кездестірген  Аннаны құпия әңгімелер таңқалдырады.

 

5)Герой

*Ресей, 2016 жыл

*Ұзақтығы: 86 мин.

*IMDb: 4,8

дима билан

ХХ ғасырдың басы.  Князь қызы бойжеткен Вера Чернышева мен поручик (кіші офицерлік шен) Андрей Долматов арасындағы сүйіспеншілік бақытты өмір кепіліндей көрінеді. Алайда, күтпеген соғыс қасіреті екеуін түрлі жолдармен сынайды.  Бірақ махаббат күші ештеңеге бағынбайтын, ұлы сезім.... Ұрпаққа өнеге боларлық хикая жөнінде фильмнің толық нұсқасында көре аласыздар!