Заманауи мәдениет- Батыс пен Шығыс деп екіге бөлінсе ,соңғысын таңдаушылар арамызда күн санап артып келеді. Бұрын "көзінің майын тамызып отырып кітап оқыпты" десе, бүгінде бұл тіркес дорамаларға қатысты да көп айтылыпжүр. Жастарымыз кәрістің телехикаяларына неге сонша құмар? Түн ұйқысын төрт бөліп, 24 немесе 16 бөлімнен тұратын сериалдарды соңына жеткізбей сойылы қанбайтын жас жәудір көздеріміз неліктен көбейіп бара жатыр? Алтын уақытын асыл білімге емес, аспан асты елінің фильмдеріне арнайтындай дорамаларда сонша не бар? Астарына үңілсек...
Дорама- бастауын күншығыс елінен алатын, алайда әлем бойынша танымалдылыққаие болған телехикаялар. Шығыс Азия арналарының жоғары рейтингтік бағдарламаcы. Атауына қарамастан «дорамалар» триллер, комедия, детектив пен қорқынышты фильмге дейін әртүрлі жанрларды қамтиды. Қазір жастардың арасындағы фильмдердің ең танымалы- Корей елінің кинотуындылары.
Қазақстанға дорамалардың заманауи жаңа лебі 2009 жылдың 5 қаңтарында жарыққа шыққан "Жігіттің сабаздары" телехикаясынан бастап келді. "Жігіттің сабаздарын" бізденөзге Филиппин, Сингапур, Тайван, Канада мен Израиль сияқты әлемнің түкпір-түкпіріндегі арналар көрермен назарына ұсынған. Ал еліміздегі "Ел Арна" телеарнасынан көрсетілген 4 жігіттіңоқиғасы қысқа уақытта-ақ жоғары рейтинг жинап, Қазақстанда әйгілі болды. Отандық киноиндустрия ақсап жатқан сәтте, Оңтүстік Кореяның аталмыш тың туындысы жастардың көңілінен шыққаны әлі есімізде. Дәл осы дорамадан соң жастардың Корей еліне қызығушылығы артты. Дүкен сөрелері мен базарларда кейіпкерлердің бейнесіндегі түрлі жапсырма қағаздар мен дәптерлер, күнделік пен өзге де бұйымдар қаптапкеткен-ді. Әрине, алушылары да аземес. Қыздарды ң мектепжасындағыларынан бастап бой жеткендеріне дейін 4 жігітті бөліп ап, жатса-тұрса солардың етегінен ұстауды армандайтын. 24 бөлімнен тұратын дораманың бірде-біреуін жібермей, тіпті, қайталап көретіндерін қайтерсіз?
Қазіргі таңда дорамалардың түрлері өте көп. Әркім өз талғамына сай кез - келген жанрда тауып қарай алады. Кәріс сериалдарының бір өзгешілігі- көрермен назарын соңына дейін бұлжытпай ұстай алуында. Сюжеттің өрбуі мен кейіпкерлердің келешегі белгісіз, әрдайым тосыннан жәйіттер болып тұрады. Сонымен қатар сырт көзге басты рөлдегі әртістердің келбеттері көз тартарлық, мінездері ұяң болып көрінеді. Оңтүстік Кореяның пластикалық отадан алатын көшбасшы орны да осы салада септігін тигізуде.
Олай болса, арнайы сайттағы рейтінгі бойынша бүгінде дорамалардың көшін бастап тұрған үздік бестікке көз жүгіртсек.
1. «Айлы ғашықтар» 2016 жыл. Жанры тарихи, фэнтези, комедиямен қатар мелодрама. Болашақтан келген бойжеткен мен Коре ханзадасының махаббаты баяндалады.
2. «Хваюги» 2017-2018жж. Мұнда да басты жанрлар: мелодрама, комедия фэтези мен қатар қорқынышты фильм. Ібіліс бейнесіндегі маймыл мен оның азығы болған сұлу бойжеткеннің арасындағы нәзік сезім суреттеледі.
3. «Мұрагерлер» 2013ж. Иә, Ли Мин Хо түскен тың туынды жайлы айтпаса да белгілі. Сюжетіне бай мен кедей арасындағы теңсіздік арқау болған телехикая Қазақстанда үлкен сұранысқа ие болған.
4. «Ки патшайым» немесе «Әмірші әйел» 2013жылдың туындысы. Билікке талас пен мемлекетаралық соғыс, әділетсіздік тарихи дорама елімізде бірнеше қайтара көрсетілген-ді.
5. «Ғарыштан келген ғашығым» 2013ж. Фэнтези жанрының кезекті тың туындысы көрермендерін Азияның үздік актерімен тамсандырған болатын.
Корей елінің телехикаялары, яғни дорамалар, бүгінде Голивудтан кем түспейтін сұранысқа ие. Көрермен назарын баурап алған кәрістерден үйренеріміз көп-ақ. Қазақ киноиндустриясының кем-кетік тұстарын дорамалардың үлгісінде толтырсақ нұр үстіне нұр болары хақ.