Дорама даңқы дәріптелуде

Дорама - негізінен күншығыс елінің телехикаялары. Десе де, бүгінде бұл ұғым Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань, Тайланд секілді Шығыс Азия елдеріне де тән. Дорама «таңдаймын» деушілерге комедия, драма, мелодрама, фэнтези, мистика сынды түрлі жанрларды ұсынады. Бұл телехикая манга(жапондық комикс) мен анимеден(жапондық анимациядан) алынған оқиғалардын түсіріледі. Дорама 10-25 топтамадан тұрады, ал әр топтама 1 сағатқа саяды. Жастарды, оның ішінде басым бөлігі нәзік жандыларды өзіне қызықтырған телесериал рейтингісі әр топтаманың аяғында белгілі болып отырады. Нәтижесінде дорамаға деген қызығушылығы анықталып, көрерменнің өзіндік ой-пікірі қалыптасады. 

Ендігі кезекте жастардың дорамаға қызығуының себебіне тоқталсақ. Өзім де осы көрермендер қатарынан болғандықтан сұраққа толық жауап беріп көрейін.

Біріншіден, оқиға желісі. Аудиторияны баурап алар тартымды оқиға желісі көрермендерді қызықтыра түседі.

Екіншіден, образдағы әртістің эмоциясын жеткізуі ерекше әсер қалдырады.

Үшіншіден, әр дорамада түйін, адамға ой салар қорытындысы болады. 

Төртіншіден, жасыратыны жоқ, телесериалға түсетін актерлік құрамның да алатын орны ерекше. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде дорамаларға арналған түрлі сайттар doramakun.ru/ ашылған. Мұндай топтарда көрермен әр топтаманы немесе жалпы сериалды талқылайды. 

Дорамада өмірде болып жатқан түрлі келеңсіз жағдайлар, адамның бастан кешкен қиындықтар, қуанышты сәттері мен естеліктері әсерлі жеткізіледі, әрі көрерменге ой салады. 



Бөлісу: