Еліміздің барлық кинотеатрларында 29- желтоқсаннан көрсетілген "Бизнес по-казахски" атты фильм әлі де өз көрермендерін жоғалтқан жоқ.
Фильмде отандық бизнестің қыр-сыры айтылады. Жаңа отандық фильмнің режиссері Жеңісхан Төре, ал продюсері Нұрлан Қоянбаев.
Нұрлан Қоянбаевтың өзі идея авторы, сондай-ақ негізгі рөлдердің бірін сомдайды. Фильмде Әбунасыр Серіков, Жан Байжанбаев, Максим Акбаров, Гүлназ Жоланова, Құралай Анарбекова сынды танымал актерлер ойнайды. Сонымен қатар фильмде белгілі Үнді актері Сиддхартх Шукла да бой көрсетіп, көрермендерді таңқалдырды.
Фильмде қазақтардың бірлігі туралы, туысқаншыл, қонақжай екендігі көрсетіледі. Артық кететін, қателесетін жерлеріміз туралы да ой қозғалады.