"Араласқандар" Фрэнк Корачидің 2014 жылы АҚШ - та шығарылған фильмі. Бұл фильм қарапайым екі отбасының басынан өткен жайы туралы. Балаларының қамын ойлаған жалғыз басты ата - аналар өздерінің жеке өмірі туралы жиі ұмытып жатады. Ал бұндай жағдай барлық жалғыз басты ата-аналардың күнделікті жағдайы деп білемін. Міне, бір кезде жалғыз басты 2 ұлдың анасы , 3 қыздың әкесі Джекпен кездеседі. Алғашқы кездесу сәтсіз өтті , мүмкін бұл олардың ең соңғы кездесуі шығар...
Алайда, өмір оларды тағы да жолықтырды ,бірақ оған екеуі де қуанышты болмады. Себебі бұл мәжбүрліктен туған кездесу еді. Лореннің балалары анасының өзге жанмен бас қосуына қарсы болды. Сонымен, Лоренің құрбысы Джектің 5 балалы жалғыз басты басшының сүйіктісі болып шықыт. Ол көп балалы әкемен Африка бармақшы болды, бірақ... Бұл сапар оларға арналмаған еді, сондықтан қос ұлының демалысын жақсы өткізіп, қуанышқа бөленуі үшін Лорен құрбысының билетін, ал Джек басшысының билетімен қыздары үшін Африка аттанады.
Міне, қызық енді басталды... Бірге демалатындарын білмеген екі отбасы, бір-бірін көріп есенгіреп қалады, ең қызығы екеуіне бір үйдің берілуі. Бұл фильмнің маған сыйлаған ерекше әсерлерінің бірі: балаларының қуанышы, өмірдің жарқын сәттерінің басталуы. Африкада түрлі жан-жануарлар араласып табиғатқа жаңа түр әкеліп жатса, жеміс-жидектерден жаңа шырын түрлері ойлап табылады, ал бұл американдық екі отбасының Африкадағы араласуы.
Ерекше қуаныш пен мұң, өмірдің ағы мен қарасына, қиындықтары мен жарқын сәттеріне толы фильм көрерменге ғажайып әсер сыйлап, өмір сүруге деген құлшынысын арттыра түседі. Әрине, ең бастысы балалар ғой, бірі ананың жылулығына бөленсе, бірі әкенің көмегін, тәрбиесін сезінеді. Бұлда бір бақыт емес пе... Өмірде миксер секілді қажеттіні араластырып, жаңа дүниені ойлап табады.