Режиссері: Ақан Сатаев
Рөлдерде: Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Ерлан Кәрібаев, Әділ Болатаев, Мерей Мақажан, Темірлан Айтілеу
«Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.
Барлықтарыңызға фильмді көруге кеңес беремін! Бір ананың тағдырымен бүкіл қазақтың қайғылы тарихын көрсетіп шықты. Қазақ бүгінгі күнге жету үшін не қиындықтар кешірді. Баласынан үмітін үзбей жолын тосқан анадай, артта қалған анасын талмай іздеген баладай,қандай қиын күн басына туса да адалдығы мен арынсақтап қалған жардай, Қазақ елі де жарқын болашаққа деген үмітін үзген жоқ! Соның арқасында бүгінгі бейбіт күнге жетік!