Анаға апарар жол...

Анаға апарар жол...
жеке
блог

Эхх... Киноға да сирек баратын болыппыз-ау...

Өзім кино көргенді ұнатамын,жақын адамдарыммен бірге болса тіпті керемет. Осы күнге дейінгі көрген кинолардың ішінде өте қатты ұнағаны "Анаға апарар жол"(Дорога к матери). Киноның режиссеры Ақан Сатаев. Өзі үшін бұл фильм басқа туындыларынан ерекше екен. Өйткені,оның негізгі идеясы бала күнінде ата-анасы айтып берген әңгіме болса керек. Ата-анасының айтқан кішігірім әңгімесінен қазіргі таңда үлкен кино туып отыр.

Баласын зарыға күткен ананы бейнелей отырып, қазақ халқының бастан кешкен қиын тағдырын қоса суреттеген фильм шекара асып, Ресейде де түсірілген.Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.Ана махаббатының қуатты күшін көрсеткен бұл кино көрермендердің көзінен еріксіз жас алдырды. Киноны тамашаламағандар болса, міндетті түрде көруге кеңес беремін.