Тонаудың әр түрлі болатынын білесіз бе? Мысалы, "Қазақша тонау", "Италяндық тонау" енді міне "Америкалықтарша тонау". Бірақ, барлық тонаудың мақсаты бір- байлық.
Қызық, әр киноны қарап отырып, әр елдің тонауға өзінше дайындалатынын байқайсың. Сол алмақтың да бағасы бар екенін ұмытып кететіні жаман... Бірақ, ұрлыққа ешкімнің жақсылықтан бармайтынын білесің...
Мені ылғи мынандай сұрақ мазалайды: "түрмеден шыққасын адамдардың өмірі қандай болады?", "бұрынғыдай еркін бола ала ма?" дегендей. Себебі, түрмеден шыққан адамдардың 70% қайтадан түрмеге түседі екен.... Себебі оларға біреулер бірнәрсеге "міндетті" сияқты боп тұрады...
Түрмеден шыққан Джеймс түрмеден соң өз өмірін енді өз арнасына түсіріп жаңа өмір бастайды. Бірақ, оның өмірін түрмеден шыққан ағасы Френки қайта бұзбақшы. Ол өз достарымен банк тонамақ жоспарын құрады. Жоспар керемет, тек бірлігі жоқ команданың қосымша жоспарының жоқтығы істің аяғын басқалай аяқтауға мәжбүрлейді.
Кино жігіттер тақырыбын жақсы көтерген. Бауырлық, достық, сенім жақсы көрсетілген. Сотталғандардың бәрі бірдей емес екенін көрсететін бір фактор анық көрсетілген. Ол - ұрылардың басқа ауыр қылмыс жасаушылармен бірге есептелінетіні. Ұрлық жасап жатқан кезде адам "ой, мен ешкімді өлтіріп жатқаным ғой, бұл аналармен салыстырғанда ештеме емес қой" деп ойлайды. Ал, тек ұрыларға ғана арналған түрменің жоқ екенін ескермейді....
Киноны көруге екі себеп бар:
1. Эдриан Броуди.
Эдриан Броудиге өзінің актерлық өнерінің барлық қырын көрсетуге көп мүмкіндік берген. Тіпті бауырына айтқан монолог Эдрианның өзі жазған деседі. Бауырына айтқан монологы қатты ұнады маған. Екі бауырдың бір-бірін көрмей кетуге себебі бола тұрса да бауырмашылдықтары ұнады. Эдриан Броуди өзін әр түрлі рөльде сынап көруге дайын актер екенін білеміз. "Пианист" киносынан кейін оны жақсы көріп кеткем. Бірақ, дәл осындай сүмелектің рөлін ол бірінші рет сомдап тұр. Оны көріп отырған кезде ісіне қарап жәй ғана ұрып тастағың кеп кетеді, ол сүмелектерді тура бере білген. Тіпті олардың қозғалысы, ондай адамдардың ішкі стреженьннің жоқтығында айқын берген.
2. Алим Заиров.
Осы фильмге композитор ретінде алғаш рет Қазақстандық жігіттің музыкалары таңдалынып алынды. Ол фильмнен шыққан кейін өзінің әлеуметтік желісінде премьераның жақсы өткеніне қуанышты екенін білдірді. Ол үшін мен де қуаныштымын.
16 дан асқан жігіттердің атыс-шабысты ғана емес арасында бауырмалдығы бар осы бір фильм ұнайды деген сенімдемін. Берер бағам 5/10.