"АЛМАС ҚЫЛЫШ" - жұмсай білсең жауыңа айбар, жер-суыңа қорған.
Еліміздің барлық кинотеатрларынан "Алмас қылыш" фильмі ел назарына ұсынылған. Қазақ хандығы деген аты болмаса көпшілік сынға алып,түсірілім желісінде көп қателіктер бар деп жағымсыз пікірлердің астында қалып елі. Ендеше,жазылған жағымсыз пікірлерге менен теріс пірік!
Фильм менің тарапымнан "жақсы" деген бағамен бағаланды. Тәуелсіз Қазақстан болғанға дейінінгі ғасырларда, қазақ болып қалыптасу жолындағы қиыншылықтар мен талай қақтығыстар баяндалған фильмге бар болғаны 280 млн теңге жұмсалған. "Көшпенділерге" 34 млн доллар жұмсалғанын ескерсек, бұл ақша көк тиын болады. Фильм қазіргі заманауи техникалармен толық түсірілген.Айтар болсақ, компьютерлік графика мен портреттік штриx және бас рөлде ойнайтын кейіпкелер мен қаhарманның субьектілік бейнесі түсінікті, жақсы көрсетілген. Бұдан артық бағалы қандай құнды дүние күтесіз?! Хандар мен уәзірлердің,жауынгерлердің бет - бейнесі,киімі және қару-жарақ орынды,өз дәрежесінде қолданылған. Білесеңіз, І.Есенберлин " Алмас қылышты" он жылдай уақыт зерттеген,тарихи деректерге жүгінген. Сценарий жазушылары да қарапайым жандар емес,елге белгілі азамттар.