Алға ұмтылу-адамға тән қасиет...

Алға ұмтылу-адамға тән қасиет...
жеке
блог

Адамға тән қасиет-болашақты болжау, армандау. Болашақты армандай білу де ұлы даналық. Себебі, арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Олай болса, алға ұмтылу- өмірдің мақсаты деп қарастырайық. Мен осы өмірдің мақсаты-алға ұмтылу екенін енді ғана түсінгендеймін. Себебі, мен жуырда ғана көпшіліктің назарын бір көргеннен-ақ аударатын "Игры разума" фильмін көрген болатынмын. Жалпы, "Игры разума" фильмінің басты мақсаты белгілі бір адам баласы өзінің алдына мақсат қоя білуі және сол мақсатының жолында талмай еңбектенуі керек екендігін айтады. Осы фильмдегі басты кейіпкерде өзінің алдына үлкен мақсат қоя біліп және сол мақсатының жолында қандай да болмасын қиыншылықтар кездессе төзе біліп еңбегінің жемісін  көрген болатын. Тағы бір айта кететін, жағдай, белгілі бір мақсат қоя білгенде кез-келген адам баласы өзінің сол жолдағы ең алдымен қолдау көрсететін адам болғаныны қалайды.  Осы фильмдегі басты кейіпкеріміздің де ең үлкен жетістікке жетуінің бірден-бір себепшісі, ең жақын қолдаушысы болғаны. Осы жағдайға байланысты "Игры разума" фильмінде мынадай диалог бар:

-Филиция, біздің қарым-қатынасымыз қаншалықты ұзаққа барады? Маған қандай да бір дәлел, не анық деректер керек...

-...Кешір,бірақ саған мынаны айтайын. Әрине, әрбір қыз романтикалық қарым-қатынасты қалайды. Бірақ дәлел немес анық деркетер керек дейсің бе?!...Жарайды...Мынаны айтшы, мына ғалам қаншалықты үлкен?

-Ол шексіз.

-Оны қайдан білесің?

-Барлық деректер солай дейді.

-Бірақ бұл дәлелденбеген ғой?

-Иә.

-Және өзің де көрген емессің бе?

-Иә.

-Онда неге оған сенімдісің?

-Мен анық сенімді емеспін, жәй сенемін...

-Махаббат да солай.

 

Бұл диалогты былай жалғастырар едім, әркім үлкен бақытқа кенелгісі келеді. Бірақ ешкім де дәл сол адам , оның не бағы, не соры екенін білмейді. Оларды алда не күтіп тұр, бірге қартаю немесе жарты жыл ғана бірлесіп өмір сүру ме... Бірақ, сол бақытқа кенелу үшін әрбәр адам баласы сол жолда еңбектенуі керек. Соның бір дәлел осы фильмдегі басты кейіпкеріміздің сенімділігі мен махаббаты үлкен белестерді бағындыруға себепші болды...