Қорқынышты кинолар туралы ой жазатын адам мен емес. Себебі, мен мүлдем қорқынышты кино қарамаймын. Себебі сол - мен қатты қорқақпын :). Бірақ, осы жолы "ой, клоундар ғой, солардан қорқуға бола ма?" деген оймен бардым. Қателескен сияқтымын. Кино қорқынышты, дыбыстық эффектілер адамның кәдімгідей есін алады.
Кинода бала күнгі қорқыныштар туралы айталады. Мысалы, мен бала күнімде домовойдан қатты қорқатын ем. Себебі, біз тұрған үй тым үлкен еді. Ағам екеуміз жалғыз қалған кезде мені ылғи қорқытатын. Осы қорқыныштың кесірінен әлі күнге қорқынышты кино көре алмаймын, үйде жалғыз қалудан да қорқам. Себебі, мен өз қорқынышымды әлі күнге жеңбегенімді көрсетеді.
Кішкене сыныптарда оқитын алты жігіт пен Бетти өз қалаларында бір сұмдықтың болып жатқанын түсінеді. Себебі кішкентай балалардың жоғалуы бұл қалада міндетті нәрсе сияқты боп кеткен. Сондықтан олардың жоғалуына үлкендер тарапынан көп назар аударылмайды. Кішкене батырлар өз қорқыныштарын жеңіп, істің соңына жетуге тырысады.
Интернеттегі пікірлерге қарасам халық бұл киноны көптен бері күткен. Себебі, Стивен Кингтың бұл туындысын бірнеше рет таспалағысы келгендер болған. Алайда, көбінің эффектілер жағынан мүмкіндік болмаған немесе басқа да себептер болған.
Киноны көріп отырған кезде ішіңдегі қорқыныш тарқамайды: "Енді не болады?", "Ана бала неден қорқады?" деген сұрақтар ойыңнан кетпейді. Бәрінен бұрын, ух бітті ғой деген кезде киноның тек 1-бөлім екенін білген кезде кәдімгідей "ах, не ол әлі тірі ме?" деген өкінішті тек сезіну керек.
Ал сіз неден қорқасыз?