Мен көрген қорқынышты фильм

Гиннестің рекордтар кітабына ең қорқынышты фильм болып «Шайтанды қуу» (Экзорцист) фильмі енген. Уильям Блэтти романының желісі бойынша түсірілген фильмнің режиссеры - Уильям Фридкин. Кино 1973 жылы түсірілсе де, қазірдің өзінде 250 үздік киноның қатарынан түспеген. Бұл фильмнің бюджеттік қоры 12 млн. $-ды құрайды. Киносүйер қауымның айтуынша, бұл фильмнің қаражаты біздің уақытымыздағы кинолардың қаражатымен салыстырғанда, тым аз мөлшерді көрсетеді.

Фильмнің сюжеті бойынша, жын кішкентай қыздың бойына еніп алады. Одан қалай құтылудың жолын іздеген анасы қызын классикалық медицинамен емдетпек болады. Бірақ медицинананың жәрдемінен түк шықпайтынын түсінген соң атеист ана жыны бар қызын шіркеуге алып барады. Өзінің шіркеудегі әріптестерімен қосылып жүріп, жас шырақшы Дэмен қыздың жынын қағуға көмектеспек болады. Жынды аластау кезінде кәрі шырақшы көз жұмады. Оқиға осылай шарықтай береді. Мен бұл фильмді алғашқы рет 16 жасымда көрген болатынмын, бірақ оның алдында да, одан кейінде мен ешқандай фильмнен бұндай қорқыныш сезінбедім, алайда соңы жақсылықпен бітетінін күтіп, фильмнен өте жақсы әсер алдым және бұл фильмнен түйгенім: адамға қанша қиындық берсе де, күресе білу қажет, сонда ғана сен жеңіске жетесін, міне бұл фильмде де дәл солай жын кіріп кеткен қыздың анасы қызын ойлап қанша  киналса да, бір амалын тауып күресе білді. Гиненстің рекордтар кітабынан ойып тұрып орын алған әлемдік фильм расында да қорқынышты болғандықтан, 16 жасқа толмаған балаларға көруге рұқсат етілмейді. Бұл фильм екінші рет түсіріліп көрермен назарына ұсынылып та үлгерген.



Бөлісу: