"Фатима" қасірет-нама

     Бүгінде көпшіліктің көңілінен шығар мардымды қойылымдарымен көпшілікті қуантып жүрген  Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында сахналатын "Фатима" қойылымы шынайы оқиға желісімен қойылып, шебер сомдалған. Адаспасам алғаш 2013 жылы қойылған пьеса бүгінге дейін көрермен назарынан түспей келеді.

   

   Авторы - Иран Ғайып ал қоюшы режиссері - Мұрат Ахманов ҚР еңбек сіңірген әртісі,"Құрмет" орденінің иегері.Ал қойылымның желісіне келер болсақ, Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтей ұлы тұлғаларға сезім шоғын сыйға тартып, жар болған татар қызы Фатима Ғабитова туралы. Фатима-ана, қиын-қыстау кездерде өмірдің ащысына қарамайтын, мойымайтын әйелдің шынайы бейнесі. Үш арыстың музасы бола білген Фатиманың басынан өткерген өмірдің тәттісі мен ащысы бейнеленетін пьесаны қарамағандарға кеңес беремін.

   Ал актерлық топтың шынайы суреттегені тіпті шеберлік. "Фатиманың" рөлін сомдаған бірнеше актрисалардың өз дәрежесінде сәтті ойнағаны да тамсантады.



Бөлісу: