Мен сені сүйемін Ақерке

 Кино- кез келген мемлекеттің мәдениетінің айнасы.Ол сол халықтың тұрмыс салтын дәріптейтін құрал деп білуге болады.Қазіргі 21-ғасырдағы қазақ кино фильмі әлсірей қойған жоқ керісінше,өзіндік бір стильін тапты деседе болады.Киноныңда өзіндік талаптары мен аурасы болады.Сондай бір талапқа ие бола білген фильм Я люблю тебя Ақерке.Расында өмірден алынған махаббат дастаны.Университет ортасында жаңадан оқу орнына түскен жастардың достастығы шынайы жанаршылығы.Өнер академиясын армандап келген студенттердің өмірі осындай  қатігез болатындығын кім білсін.Киноның басты рөлінде Ақерке есімді қыз.Ауылдан кинемотогроф болуды армандап келген ашық көңілді қыз жатақханаға жайғасады.Сол жерден көптеген достар табады,тіпті сүйіктісін де осы жерден кездестіреді.Ақеркемен Азамат оқуын бірге бітіріп,болашақта уйленуді көп балалы боламыз деп алға мақсат қойған еді.Бір күні декан алдына шақыртады -біз білетін керемет жұп сендерсіңдер,сондықтан да университет атынан баллға қатысуларын өтінеді.Екі жас ойланбай өтінішін қабыл алады.Сол балл кезде Ақерке есінен танып құлап қалады,достары барлығы дереу жедел жәрдеммен ауруханаға  жеткізеді.Ақеркеге өте сирек кездесетін диагноз қояды.Дәрігерлер бұл ауруға Қазақстанда емдеуге аппарат жоқтығын айтып,улен көлемде ақша жинап шетел мемлекеттерімен байланысып жіберуге болатындығын айтады.Достары көшеде ән салып,таң атқаннан кеш батқанша ақша табудың жолдарын қарастырды.Сүйіктісі Азаматта күндізі күні Ақеркенің жанында болса,түндіз жұмыс істеді.Тіпті барлық университет болып оны қолдау үшін ярмарка және қайрымдылық қорын ашады.Ақыры соңы олар діттеген мақсатына жетеді,операцияға ақша табады.Операцияға кетер кун алдын Азамат өмірлік жары болуын ұсынады,Ақерке ойланбастан ұсынысын қабыл алып,мәңгілік бірге болуға серт береді.Достары ертесіне Ақеркені анасымен шығарып салады.Алайда Франциядағы анасынан суық хабар келеді.Бұл хабар Азамат үшін де достары үшін де өте ауыр тиеді.Бұл фильмнің басты ерекшелігі режиссер Ақеркенің жақын құрбылары Назия мен Мейірім.Олар мақсат пен шындық махаббат пен достықты жеткізу ушін,марқұм Ақеркеге арнап осы киноны жарыққа алып келеді.Жастар бұл киноны түсіру үшін қолдау таппаған,алайда жұмыс істеп көптеген қиындық көріп,ақыр соңы мақсаттарына жетеді.Кинодан түскен қаражаттың 40 -ын қайрымдылық қорына өткізеді.



Бөлісу: