Ол- Айдаһар

Сүю қорқынышты... 

Адамдар үлкейген сайын махаббат туралы, романтика туралы кинолар, кітаптар, әңгімелер тек қыздардың ісі деп ойлайды. Расында, солай сияқты... Дегенмен, бір романтикаға толы әдемі ертегі көріп тұру армандаудың әлі де сәнде екенін байқатар еді. 

Ол- айдаһар. Әдемі ертегі, біраздан бері арманға сенбей кеткен адамдарға ой тастайтын сияқты. Сумерки шыққан кезде "адамдар, ақылынан адасқан" деген сияқты пікірлер айтылған. бірақ, қарап отырсақ ондай миф әңгімелер адам жаратылған күннен қазіргі заманға дейін әлі де бар. Демек, мүмкін бір паралелль әлемде дәл осылай болып жатуы ғажап емес қой. 

Ол заманда қыздар тұрмысқа шықпаған, олар бақытқа емес айдаһарға құрбандыққа шалынып отырған. Олардың тағдыры айдаһардың апанында бітетін... Тек бір жігіт өз сүйгенін тауып алып айдаһарды өлтіреді, алайда бұл жаңа оқиғаның бастауы ғана еді... 

Байдың қызы апанға түседі, ол сол жерде сымбатты жігітпен танысады. Ол сымбатты жігітке Арман деп есім береді... Барлық әңгіме міне осы жерден басталады, баяндалады, жалғасын табады.... Айдаһар деген қорқынышты хайуан, жәй ғана махаббат іздеген жас жігіт... 

Кино өте әдемі, әсерлі. Тіпті түсірілуі де мінсіз. Мен күткеннен керемет. Ресейлік фильмдердің де ілгерлеуі байқалады. Арман рөлін сомдаған жігіт өзінің айдаһар екеніне сендіре алды. Әдемі Матвей Лыков модельден жақсы актер шығатынын көрсетті. Үлкен экраннан көруге кеңес берем. 8/10 

P.S. Жігіттер, қыздарыңызды апарыңыздар міндетті түрде ұнайды :). 

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: