Паранормальное явление 5: Көруге тұрады ма?

     Жарнамасы керемет болған соң «ужас» жанрындағы бұл фильмге жақында бардым. 3D форматында тіпті қызық болатын шығар деген ой болды. Оның үстіне жанымда дос құрбым бар еді. Бірақ...
Фильмнің қысқаша сюжеті былай. Мексикалық бір отбасының үйінде көп жылдан бері елес болған. Оны үй иелері байқамайды. Тек кішкентай Ли есімді қыздары мен бейнебақылау камерасына ғана көрінеді. Әр түн сайын балаларын мазалай берген олар елесті камерадан үздіксіз бақылайды. Қорқыныштан ұйқылары қашады. Соңында әлгі «құбыжық» барлық отбасы мүшелерін өлтіріп, қызды өзімен алып кетеді. Бітті!
      Киноның қорқынышты тұстары өте аз. Оның өзінде спецэффектілер онша емес. 3D форматтың қызығын 1-2 тұста ғана тамашалай аласыз. Басқа уақытта көзілдіріксіз қарай беріңіз. Керісінше, күлкілі жерлері көп. Фильм аяқталғанша залдан жарқын күлкілер естіліп тұрды. Өкініштісі сол, күтпеген жерден еш қызықсыз аяқтала салғаны. Мықты триллер мұндай болмаса керек-ті.
     Қысқасы, 1100 теңге мен 1 жарым сағатты уақытты бұл фильм үшін жоғалтпауға кеңес беремін. Әрине, егер, «ужас» жанрының фанаты болмасаңыз...



Бөлісу: