Ерсі оқиғалар

Кейде киноға барған кезде киноның ендігі сәтінде не болатыны маған белгілі боп тұратын сияқты көрінеді...

Бірақ, "Ерсі оқиғалар" киносы сізді жүйрік ойыңыздың алға шабуына кедергі келтірері анық. Себебі, сіз голливуд киноларындағыдай "қазір, анау у ішті бітті өледі" деген сияқты бір жүйелік ой ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, осы бір кино сізді күтпеген оқиғасымен, күтпеген сюжеттер мен сіз күтпеген өмірдегі бар оқиғалармен сізді таңқалдырады. 

Иә, мойындаймын кино сіз барып көңіл көтеріп қайтатын кино емес. Ойланып, шынымен өмірде болған оқиғаның шынайы түрде қалай өрбігеніне боямасыз көз жеткізіп қайтасыз. 

Кино әр түрлі адамдардың бір сәттік өмірлерінен құралған, өмірде шығарға жол жоқ деп тірелген жердің өзінен сәл басқаша ойласаңыз болды сізге басқа мың жол шығатынын көрсетеді. 

Мысалы: 

Мына қыз әкесін өлтірген адаммен бетпе-бет келеді. Қалай ойлайсыз, ол қалай әрекет етті? Кейде адамдарға Алла өзі көмектесетінінің куәсі боласыз. Бастысы адал ниет, жамандық жасамауға деген ниетіңіз. 

Өміріңізде сізді ренжіткен барлық адамдарды бір самолетқа сыйдыра алар ма едіңіз? Мейлі сіз кінәлі болсаңыз да. Айтпақшы, бұл әрекетті қайталамауға кеңес берем. Енді, сіз есіңізден алжаспаған шығарсыз. Маған кейде осындай ойлар келетін, енді, адамдарған ренжіген кезде )))))). Айтпақшы, оларды жарып жібермейді. 

Ал, мына сәтті суреттеп жеткізу қиын, бірақ сондай оңбағандар өмірде расымен бар ғой. Оқиға шынымен ерсі болса да шын өмірде көп болған бұл. Кейде түкке тұрғысыз "жолда жолымды қиып кетті" деп ашуланатын кездеріңізде осы моментті есіңізге аларсыздар. Осы жерді ашуланшақ жігіттер көрсе деген ой келді. 

Ал, мына қыздың күйін күніне қанша қыз көріп жүр екен? Қанша қыз ақымақ боп, өз өмірін қиып жіберді екен. Мына қыздың маған ақылдығы ұнады. Иә, сіздің ойыңызға "мен былай кек алам" деген ой сол сәтте келмес еді. Тіпті менің ойыма келмес еді, болшақта есіме жаттап алуым керек деп шештім (әрине, бұндайдан аулақ қылсын дегенмен де). 

Неге әр оқиға тоқталып отыр деп ойлайсыз? Себебі әр оқиғаның өз айтары бар, сізге ой салады. Мен екінші рет қайта барып көргім келер еді. 7/10 



Бөлісу: