"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Франциялық режиссерлер Оливье Накаш пен Эрик Толеданоның үздік туындыларының қатарын 2011 жылы «1+1» фильмі толықтырды.  «Егер өміріңізде бір нәрсе жетіспейтін сияқтанса, онда өзгелердің өміріне назар салыңыз». Міне, дәл осы сөздер кинофильмнің басты ұранына айналған.  112 минут бойы көрерменге биографиялық мәліметтер ұсынылып,қызықты кадрлары бір күлдіртіп, өмірлік тұстары бір жылатып алады.  Драма, комедия, биография секілді үш жанрды бір бойына жинақтаған «1+1» фильмі мен үшін үздіктердің қатарында. Оған не себеп? Ең алдымен, фильм шындыққа негізделген. Яғни, басты кейіпкерлер Дрис пен Филипп өмірдің қиындықтарын бар болмысымен қабылдай білетіндігін дәлелдеді. Фильм барысында махаббатың күтпеген тұста кездесетіндігіне де куә боласыз. Жеке өмір мен достықтың ара жігін ажыратуды үйренесіз.  Ең бастысы достық- адамның мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне қарамайтын шегі жоқ, шынайы сезім екендігіне көз жеткізесіздер. Мен сіздерге оқиға желісін сан түрлі сөздермен баяндағанымнан гөрі, фильмнің толық нұсқасын бір рет көргендеріңіз артық!

 Ал, фильмді көргеннен соң  мына деректерге назар салыңыздар. Арнайы сіздер үшін:

Сіз білмейтін жайттар.....

1.Бас кейіпкер Филипп Поццо ди Борго фильмді түсірмес бұрын, оның комедиялық қыры басым болғанын қалады. Себебі өмірін драмалық жанрда көрсетуді жөн санамады.

2.Режиссерлер:Оливье Накаш пен Эрик Толедано түсірілімге кіріспес бұрын, Марокко елінде тұратын Филипп Поццо ди Боргомен жүздесіп, сценарлық үлгісін ақылдаса отырып жазған. Қызықты кадрлардың дүниеге келуіне Филипптің өзі үлкен үлес қосқан.

3.Жеке кәсіпкер, ақсүйек Филипптің 1993 жылы 27 шілде күні қайғылы оқиғаға тап болуы, оны адам сенгісіз жағдайға душар етеді.

4.Аталмыш туындының дүниеге келуіне тағы бір себеп: Режиссерлік жұп 2004 жылы  арбаға таңылған Филипптің ауылдық жердің күтушісін қызметке алуы бейнеленетін кадрларды көреді.

5. Рөлі аса ауыр болмаса да, актер Омар Си түсірілім барысында 5 кг. салмақ тастаған екен)

Ал өз басым бұл фильмді 7 рет тамашаладым. Сіздерге де жақсы көрсетілім тілеймін!



Бөлісу: