"Сиситай"

 "Сиситай"
жеке
блог

Баян Мақсатқызының «СиСитай» фильміне

«Сиситай» – басты рөлдегі кейіпкердің есімі. Оның қандай мағына беретіні және не себепті «Сиситай» екені сізге  фильм барысында түсінікті  болады. Фильм көркем безендірілген, жаңа жылдық шыршаға ұқсайды. Жанр жан-жағынан алынған. Мюзкл, комедия, драма және т.б. Мюзкл – керемет! Қазақстанға мюзкл түсіру менталитетке жақын деп білемін. Бірақ, өкінішке орай бұл салада жұмыс аз. Комедия, қашанда қабылдауға жеңіл, әрі ең тиімді жол. Қазақстандық  көрермендер комедияға үйреніп қалған. Шоу-бизнесте ұсыныстың үлкен пайызы осы жанр болған соң шығар. Ал драмаға келер болсақ актерлік шеберлік бар, бірақ сюжеттің жетіспегендігінен мағына ашыламай қалған сияқты.

Ең алдымен картина, музыка, киім стиліне және операторлық жұмысқа 10-нан 10 деген баға беремін.

Сонымен, егер мен режиссер болсам...

Біріншіден, фильм кейіпкердің құлдыраған сәтінен басталғандықтан шарықтау процессін міндетті түрде сатылап көтерілу қылар едім. Өсу мен даму жолдарын көрсету арқылы бұл жобаның мақсатын айқындап, көрерменге ұсынар едім. Төмендегі қиындыққа тап болған жандардың қалай бой түзегендері турала көрсетер едім. Мысалы, мен Алиса Максутовнаның  Циркте жұмыс істеуге қалай қол жеткізгенін білгім келген  және танымал хореографты шақырту үшін қандай келісім-шарт ұсынғанын білу маңызды. Қойылымға дайындық процесі де ашылып көрсетілмеді. Сиситай мен оның қарсыласының арасындағы кикілжін неден туғаны белгісіз болып қалды, сонымен қатар ол қарапайым көре алмаушылыққа жақын болып тұр.

Ал, құлдырау-1: Алиса  жұлдыздар теріс айналады. Құлдырау-2: Продюссерлік орталық өртке оранады. Құлдырау-3: Сиситайдың әкесі қайтыс болады. Құлдырау-4: Өгей шешесі үйінен қуып шығады. Құлдырау-5: Қойылымның тасталқаны шығады. Ең бастысы ортасы жоқ аяғында бәрі тамаша болып шығады. Енді қалай болар екен дегенде, белгісіз себептермен нәтижесі керемет болып шықты. Осылай бірінен соң бірін тізіп көрсеткенше құлдыраудан кейін шарықтау, кейін жемісін, нәтижесін ұсынар едім. Сонда ғана толық сюжетті фильм болады.

Екіншіден, өгей шешенің не себепті Сиситайға дәрі беріп ұйқыға жібергені түсініксіз болды. Себебі поезда оянған Сиситайдың үйге қалай оралғанын көрсетпейді. Ал, мен болсам екі қаланы көрсетер едім. Мысалға, Сиситай Алматыда оянса, сөйтіп үйге қайту жолында продюссерге жолығып өнер жолын одан әрі жақсы көріп, Астанаға, өз үйіне оралғанда Өгей шешенің сатқындығынан тап болар еді, осылайша ол қайтадан көрініс үшін бар жігерін жинап, жеңілмеудің жолын таңдар еді.

Үшіншіден, Алисаның қалай қойлымға актерлік құрам жинағанын көрсетер едім. Жаңа талант іздеу барысында кімнің дос, кімнің дұшпан екенін көрсету арқылы шоу-бизнес жолының қандай екенін толығырақ ашар едім.

Шындыққа жанаспайтын тұстардың болуы және басты оқиғалар(ключевые моменты) дәл соған байланып қалғаны көрермен үшін терең ой бермей қалған сияқты.

Жалпы, фильм керемет көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, барып, тамашалап, сергіп қайтыңыз.  

p.s. Мен бұл фильмнен тек Баян Мақсатқызының өмірінен аностардың жиынтығын көрдім.

Алау тобына ерекше рахмет айтқым келеді! шынайы күлкі сыйлағандары үшін.