Кино көргенде сіз де жылайсыз ба?

Кино көргенде сіз де жылайсыз ба?
жеке
блог

  Бұл дүниеге адамдар шырылдап жылап келеді,кетерінде де оны жақындары жылап шығарып салып жатады.Бұл табиғат заңы.

...Адамның жылауының түрлі себептері болады,біреу мұңайып жылайды,біреу қуанып жылайды,біреу қайғыдан жыласа,енді бірі сағынып жылайды,сүрініп-құлап жатып бала жылайды,жақсы бір кітап оқып немесе кино көріп қобалжып та жылайтын адам бар,айта берсең өте көп.Мен де көп жылайтын адамдардың бірімін,көбіне алыста жүрген ата-анам мен бауырларымды сағынғанда,жолдасыма ренжіген сәттерде,сосын кино көріп немесе хат оқып отырып жылаймын...

   Бала кезімізде әр жұманы сарыла күтуші едік.Себебі,тек сол күні ғана кешкі сағат 21.00де баршамызға сүйікті үнді фильмі болады.Ол кезде біздің ауылда 4-ақ канал көрсететін,киномыз "Қазақстан"каналынан көрсетіледі.Осыған дейін далада "галка","скакалка","бес қаңылтыр","бес тас" секілді ойындардан өлесі шаршап үйге келеміз,бәріміз қаз-қатар тізіле қалып,теледидарға үңілуші ек.Бір уақытта менің көзімнен жас кетеді дейсің.Тіптен иығыма шейін қозғалып кәдімгідей жылаймын.Даусым жанымдағыларға естілмесін дегендей ернімді қыршып тістеп алатынмын.Тұла бойым тітіркеніп,құдды бір сол кино өз басымнан өтіп жатқандай жылаймын.

   Кенет біреу жырқ-жырқ күледі.Ағам ғой.Мен дереу көз жасымды сүртіп,құлағыма дейін қызарып,ұялып қалам.

   Қазір ойлап қарасам,бала кезімде мен жылай беретін жылауық болған екем.Бүгінгі күндері жүрегім тас боп кеткен бе әлде есейдім бе,кейбір белгілі бір себептер үшін ғана жылайтын болғам.Бұл жақсы ма жаман ба білмедім.

    Осыдан 1-2ай бұрын үйге қонаққа енемнің мамасы келген.Шәй ішіп отырып,"Анандиге қойшы"деді әжем.Сөйтіп әжемен бірге үнді сериалы "Келін"ді көрдім.Анандидің Жагдишияның туған күніне келіп,күйеуінің опасыз тірлігіне куә болатын сериясы.Менің сол сәттегі жылағанымды көрген адам бір нәрсе боп қалды-ау деп ойлайтын еді.Жүрегім Анандимен бірге қарс айрылғандай күйде болдым.Бұл жерде актрисаның шеберлігі соншалық,менің жан-дүниемнің бәрі сол Анандимен бірге жылап жатты.

    Көптен бері,кино көріп жылағаным міне осы.Бәлкім әлдебіреулер оқып күлетін шығар,бірақ,мен шынымен жылауық адам екенмін.

    Ал,сіздердің кино көріп отырып жылаған сәттеріңіз болды ма?