Кино әлеміне саяхат.
блог
2017 жылдың 9 ақпанында шыққан "Анамды іздеймін" атты киноға бардым. Жалпы кино АҚШ-та 25 күн, Қазақстанда, Қырғызстан-да 11 күн таспаланып, 3 елде түсірілген. Фильмнің басты рөлін сомдаған қырғызстандық актер бала Азамат Ұланов пен Тәуекел Мүсілім. Фильм анасын іздеп, Америкаға аттанған Азамат есімді бала туралы. Оның есте сақтау қабілеті жоғары, кез келген ақпаратты үтір-нүктесіне дейін жадында сақтайды. Алайда, туған анасының түрі есінде жоқ. Продюсер: Нурбек Айбашов. Киноның жанырына келетін болсақ: комедия, отбасылық, қызық оқиғалы. Менің осы уақытқа дейін көрген ең әсерлі, қызықты киноның бірі. Бұл фильмнен шыққан соң өмірге деген көзқарасың өзгереді, шыдамдылыққа, жалғыздыққа төзе білуге тәрбиелейді. Іздеген жетер мұратқа, ата-анамызды тірі кезінде қадірлейік достар!