Қимай кетіп барамын...
блог
Салем массагеттіктер. Бүгін Алла бұйыртса Алматыға тағы да аттанғалы отырмын. Жол жүруге етім де үйреніп кетті. Дегенмен, бүгін қимастық сезім басым менде. Таң атқаннан көзіме жас үйірілді, қимай кетіп барамын, бәрін де. Көптен бері жаздың соңғы күніне дейін, туған жерде болмаған едім. Мүмкін содан ба деймін өзіме сұрақ қойып. Жо, жоқ одан емес әрине. Биыл ауылға күз де ерте түскендей. Ауылдың күзін де сағынып қалғандаймын. Осыдан 6-7 жыл бұрын қыркүйекте қатты жел тұрған еді, ауылда. Бүгін де дәл сондай ауа райы. Ауа райы әкемді еске салады. Сағынған шығармын...Желдің күні аяғын шығарып алған еді, әлі есімде...
Кеше мектептегі ең жақын құрбыралыммен бас қостық. Көптен бері көрісудің сәті келмей жүрген болатын. Отырып өткенді еске алдық. Күлдік, жыладық. Мүмкін сол құрбыларымды қимай бара жатқан шығармын. Туған жерді біраз айналып жүріп те қайтқам. Біртүрлі сезімде болдым. Ал, бүгін жолға шығуға тіпті зауқым жоқ. Ауылымды қимай кетіп барамын. Өйткені, әдеттегідей емес, мен биыл 4 курсқа барамын. Үлкейсем де бала сияқтымын. Ең жақын адамым "сенің жасың үлкейсе де әлі бала сияқтысың" деп айтушы еді. Сол рас екен. 1 жыл оқысам, білдей маман иесі болып шыға келемін биыл. Алла қаласа ол да болар. Бірақ, жүрегімнің сыздап отырғаны-ай. Көңіл-күйім тым төмен. Қазір автобуста отырғанда жылайтыным анық. Ылғи солай етемін, себебі. Жүрегімнің бір бөлшегі қалып бара жатқандай. Құдды бұл мекенге енді қайта оралмастай күйде кетіп барамын. Жылдан жылға туған жерге бөтен болып бара жатқаным да анық, Алайда, қанша өзегімнен итерсе де мен бұл мекенді, қатты сағынатын боламын...