Киім туралы ой.

Киім туралы ой.
жеке
блог

Осы аптадағы хиджап , қазақ киімдері туралы блогтардың әсерінен бе білмедім кеше маған ежелгі палеолит дәуіріндегі ата бабаларым түсіме кірді.Әдетте түсімді тез ұмытып қалушы едім , неге екені белгісіз осы жолы анық есімде қалыпты.

Түсінгенім , Қаратаудың бөктерінде жүр екенбіз , бәрі бұттарына жапырақ, қолдарында тас. Кешке оттың айналасында жиналғанда бәрі маған жабыла ұрысты. «Не жетпейді , айналайындар-ау,киім үшін қырлысып, жүрміз ғой біз осы  бұтымызға жапырақ жауып, кейде аң кездессе соның терісін жамылып, қанағат етіп» деп бастады қазіргінің бомыжына ұқсас бір кісі. Тағы бір кісі : «Ата баба дегенде неге бізді ұмытып кетесіңдер, он бесінші ғасырдан кейінгі Қазақтарды ата баба дейсіңдер де ,бізді еш еске алмайсыңдар,сонда қазақтар он бесінші ғасырда аспаннан түсіп қалып па!?Біз де ата бабаларыңбыз, жүріңдер онда бұттарыңа жапырақ жауып! » деп обидасын айтты. «Әбден құтырғансыңдар, қарындарың тоқ , қайғы жоқтықтан күмәнді ағым-сенімге беріліп бұзылғансыңдар, біздің дәуірге әкеліп лақтырып жіберсе көрер едім сендерді, күн түн демей азық іздесеңдер мұндай сандырақ болмас еді» деп қортындылады бір қария кісі. Осы мезетте оянып кеттім(((

            Ойланып қалдым. Жеті шелпектің орнына осы постты жазып отырмын,аруақтар тынышталсын деп біраз тас дәуіріндегі киім үлгілерін ұсынамын.

 

Әңгімені бастаған кісі

Палеолит дәуіріндегі киім үлгісі

 

Осыған ұқсас бір жерде әңгімелестік

Осыған ұқсас бір жерде әңгімлестік

 

Ауқатты кісілер

Гламурный палеолит