15-Сәуір "Ұлттық төл мерекеміз - Ғашықтар күніне" орай ертеңгілік сағат бесте Арқалық қалалық Жасөспірімдер театрында қойылым болмақшы.Осы қойылымдағы басты рөлдердің ішінде менде бармын...Ия ия мен де ойнамақшымын."Ғашықтар хикясы" деп аталатын бұл комедиялық қойылым көрерменнің журегінен жол табады деп сенемін.Мен мұнда Қымбат атты бойжеткен қыздың бейнесін сомдамақпын.Осыншама күнге дейін дайындалған еңбегімізді бағалайтын да,сын айтатын да келуші көрермен қауым болмақ.
Бойымды қорқыныш билеп алғанын жасырмаймын,қанша дегенмен ең алғаш үлкен сахнада өнер көрсету қиынның қиыны екен.Біртүрлі сезімдемін..Бейнебір,бәрі де жақсы болады деген нық сенімім ғана мені тыныштандыратындай.Мүмкін,Махаббат мейрамындағы ыстық кәусар сезім бе,білмедім,әйтеуір ішкі өзіндік менім: "Самал,тек қана Алға!"дейтіндей.
Біз көп дайындалдық,тобымыздың жетекшісі Нұрлан ағайымыз "Руханият"театрының басшысы,бізге әрқашан білмегенімізді үйретіп,жамандығымызды жасырып,жақсылығымызды асырып отыратын ақылды жан.Әрине,біз бірінші курс студенттері кәсіпқой актерлардай емеспіз,кейде мүлдем образға ене алмай қиналатынбыз,міне, сондай кезде сабырмен басынан бастап үйретуден жалықпайтын ағайыма шексіз алғысымды білдіремін.Менің бойымда жасырынып жатқан талантты ашуға көмек берген ағайыма ризамын.Міне,мына суретте қасымда жерлесім,досым,бауырыма айналған Ару атты сұлу да ерке қыз.Біз екеумізде басты рөлде ойнамақпыз...Ал,достар көзіме ұйқы тығылды.Маған сәттілік тілеңіздер құрметтілерім,Аман болыңыздар,Махаббаттарыңыз шынайы да пәк болсын!Баршаңызға өмірге деген ғашықтықты тілеймін!Себебі,өмірге ғашықтық сұлулыққа,адамға құштарлықтан бастау алады.Соңғы сөзімді Әкім Ысқақтың:"Махаббат- жүрегіңдегі ізгіліктің түйір дәні өсіп,жапырақ жайып құлпыруы,ол жан - дүниеңді баураған әсемділік,алаулаған таңғы арайдай сұлулық!" деген сөзімен аяқтағым келеді...