Киберспортты Қазақстанда дамыту қажет пе ?

Киберспортты Қазақстанда дамыту қажет пе ?
жеке
блог

Киберспорт дегеніміз не? Ол спорт саласына кіре ме?

Кибер деген сөз батыс тілінен “cyber”- виртуалды өмір деп түсінуге болады. Қазіргі таңда көптеген компьютер ойындары бар, бос уақытты сол ойындармен өткізетін жастардың саны аз емес. 1997 жылдан бастап ең бірінші киберспорт турнирлары басталды. Атақты ұйымдастырышулардың бірі CPL (Cyberathlete Professional League) деген қауым Quake атты компьютер ойынымен дүниежүзі жарыстар жасады.

Қазіргі кезде киберспорт саласы дамыған елдер: АҚШ, Ресей және Қытай болып саналады. Тіпті бұл мемлекеттерде киберспортсмендерді оқытып шығаратын оқу орындар бар. Киберспортсмендер күніне кем дегенде 10-12 сағат ойнау қажет, және де олардың реакциялары мықты болуы керек.

Әлемдегі ең танымал ойын – League of Legends болып саналады. Шамамен 27 миллион адам күн сайын осы ойынды қолданады. Бірақ бұл ойынның турнирлерін көп адам көрсе де, жүлде қоры Dota 2 деген ойыннан артта қалып қояды. League of Legends-тің 3 сезонның финалын бір мезетте 8.5 миллион адам  жанкүйер болып отырған, және де бұл турнирдің жүлде қоры – 2 миллион доллар. Ал Dota 2-ның жанкүйерлері аз болса (шамамен 1 миллион адам), оның жүлде қоры қайда есе көп. Мысалы жазда АҚШтың Сиэтл қаласында өткен The International 2015 турнирдің жүлде қоры шамамен 18 миллион доллар болған, оның 6 миллионы бірінші орынды алған командаға берілді. Қалған ақша тек 2 мен 3 ші орын алған командалар алмайды, тіпті 16 орын алғандарда алады.

Қазақстанда қазіргі таңда Dota 2 ойынның қолданушылары көп, бірақ киберспортсмендерді дайындау орындары аз. Елімізде мықты командалар бар, олардың екеуі: X-game.kz және Next.kz. Менің ойымша бір-екі жылда киберспорты көретін адам саны футболдан көп болады. Сондықтан біздің киберспортқа көзқарасымызды өзгертуіміз қажет.

Қлданылған әдебиеттер:

http://www.esportsearnings.com/tournaments/12894-the-international-2015

http://www.eurosport.ru/e-sports/story_sto4815699.shtml