Киберқылмыс немесе сіз интернетке сенесіз бе?

    Хат келді. Ашып оқысам: «Егер сіз үш күн ішінде мынадай санға (код көрсетілген) пәленше теңге аудармасаңыз сіздің почтаңыз өз жұмысын тоқтатады. Бұл кезекті тексеріс және сіздің е-майлда жұмыс істейтініңізді растамаға түртпе белгілеңіз». Мұндай хаттар, бәлкім, әрқайсысыңызға жолданған болар.  Мен бұл хатты маған жолданған мезгілден кеш, кейінірек бір апта өтіп кеткеннен соң ашып оқыдым. Менің электронды почтама (uljankzz@mail.ru) ешнәрсе де болмаған, тиістісінше жұмыс жасап тұр. Кейінірек құрбыларыммен сөйлесіп отырып,  олардың көрсетілген хатқа жауап беріп, теңге аударғанын да білдім. Менің хатты кеш оқуым мені сақтап қалған шығар, әйтпесе мен де сенгіш адамдардың бірімін. 

    Иә, бұл интернет арқылы пайда түсіретін хакерлердің бе қалай атасақ болады әйтеуір солардың ісі. Бұндай хаттардың арбауына түсіп, ұялы телефон арқылы теңге аударып жатқандар қаншама. Қазірде барлық адамдар интернетті қолданады, әлеуметтік желілерге өздері жайлы ақпаратты енгізеді, қарапайым адамдар оның қауіптілігін аңғара бермейміз. Қазір тіпті, киберқылмыс қаптап кетті. Халықаралық деңгейде ақпарат, маңызды құжаттар ұрлау секілді киберқылмыстар көп болады. Шын өмірдегі қарапайым қылмыскерге қарағанда киберқылмыскер дәстүрлі – пышақ және пистолет секілді қаруды қолданбайды. Оның көздегені – ақпараттық қару, желіге ену, бағдарламалық қамтамасыз етуді бұзу, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қолданылатын барлық құралдар.

    Біздің елде де киберқылмыс саны көбейіп келеді екен. Соған орай (https://today.kz/kz/news/kazakhstan/2012-11-22/35122) ҚР бас прокуратурасы Қазақстанның қылмыстық кодексіне киберқылмыстар бойынша жеке бап енгізуді көздеп отыр екен.

   Жалпы интернетке сіз толықтай сененіммен қарайсыз ба?



Бөлісу: