Цифрлық технологиялардың дамуы әсерінен әлеуметтік желілердегі адамдардың іс-әрекеттерін толықтай қадағалау мүмкін емес. Оның салдары ретінде кибербуллингті айта аламыз. Кибербуллинг – цифрлық технологияларды қолдану арқылы бір адамды келемеждеу, қорлау. Ол әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында болуы мүмкін. Кибербуллингтің мысалдары: жалған ақпарат тарату, адамды келемеждеу мақсатында жіберілетін хабарламалар, нысанаға байланысты ақпарат жинап, сол арқылы қорқыту, яғни, киберсталкеринг, провокациялық комментарийлер жазу. Әдетте осы мәселемен көбіне жасөспірімдер кездесіп жатады. Неге десеңіз, олардың психикасы тым нәзік, болып жатқан оқиғалар туралы ата-анасына айтпайды.
Кибербуллинг пен буллингтің айырмашылығы қандай? Буллинг - қоғамдық орындарда (мектеп қабырғалары, ойын алаңдары, ойын-сауық орталықтары ж/е т.б.) орнайды, және оның куәгерлері бірнеше адам болуы мүмкін, сонымен қатар жәбірленуші көмек сұрай алады. Ал кибербуллинг - желі арқылы орнауынан оның куәгерлері мыңдаған адам болады, адамның эмоционалды жағдайына ол ауыр тиеді. Жәбірленуші жасөспірім болатын болса, онда жағдайдыңсуицидке жету ықтималдығы бар. Сонымен қатар жәбірлеуші анонимдық халін сақтай алады, өзге адамның есімін не суретін қолдану арқылы өз тұлғасын жасырады.
Қазірде, интернет – адам өмірінде ерекше орын алады. Біркүндік уақыттың 10/7 бөлігі интернетте жұмсалады, мейлі жұмыс барысымен, мейлі себепсіз. Балалар ерте жастан әлеуметтік желілерде өз аккаунттарын ашып, өз өмірімен бөлісіп отырады. Желіде өз есіміңмен тіркелу міндетті емес, қалаған атпен тіркеле аласың. Яғни, желіде сақталатын анонимдік адамдарға әртүрлі адам болуына мүмкіндік береді. Осы арқылы балалар өздерін әр тараптан сынайды, бұл олардың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Одан бөлек, желілердегі олардың іс-әрекеттерін қадағалау қиын болады.
Бүгінде әлеуметтік желілердің ішінде TikTok үлкен танымалдылыққа ие. Бұл желіде әртүрлі жастағы пайдаланушылар өз видеоларын салады. Ішінде жасөспірімдер саны көп. Олардың видеолары әрдайым бәріне ұнай бермейді. Ішінде хейт жазатындары жетерлік. Бұл жазылған негативті пікір – балада комплекстің пайда болуына себепкер болады. Нәтижесінде, психологиялық жағдайы нашарлап, бала өзіне жабылып қалуы мүмкін. Бұл мәселенің бергі жағы. Мазақ ету, күлу, келемеждеудің өзі кибербуллингке тап болғанының айшық көрінісі. Әр баланың қабылдауы әртүрлі, бірінің моральдық жағдайына зарар келетін болса, бірінің суицид туралы ойлауына себеп болады. Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заңнамаға балаларды қорқытудан, оның ішінде әлеуметтік желілерден қорғауға бағытталған түзетулерге қол қойды. «Кейбір заңнамалық актілерге баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң кәмелетке толмағандарды қорқытудан қорғау, оның ішінде интернет желісіндегі заңсыз контентке қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық шараларды енгізуді көздейді.
Зейнулла Алуа
Жетекшісі: Рушанова Н.Б., аға оқытушы.