Кезектен тыс ЭСТАФЕТА!!!
блог
2011 ЖЫЛ
Сәлем достар. Эстафетаны кезектен тыс алғаныма кешірім сұраймын. Ал, кеттік онда!
Жылдың үздік сайттары: on.kz, wordpress.com, kerekinfo.kz
Жылдың үздік блогшылары: Ботик Мұхтар мен Асхат Еркімбай
Лентадағы ең үздік әңгіме: Жарқын Алаш пен Рауан Сәбитұлының балалық шақ естеліктері
Жылдың үздік бүркеншік есімдері: Ашулы Аққала мен Алтайдың ар жағынан келген кемпір.
Жылдың жұмбақ адамы: Мейіржан
Жыл танысулары: Өте көөөөп жақсы адамдармен таныстым.
Жылдың ең үздік афоризмі: «Аллаға шүкір!»
Жылдың жаңалығы: 1)Қоян жылы – менің жылым. :)2) Айна-Тв жаңалықтары ))
Жыл жазушысы: Николай Замяткин
Жылдың үздік кітабы: 1) «Жыр-Дария» Маңғыстау ақын жыраулары 2)The Bronte Story Oxford University Press Tim V.
Жылдың үздік ақыны: Жарқын Өтешова мен Абзал Сариев
Жылдың қуанышы: менің магистратураға, ал інімнің бакалаврға грантқа түскеніміз.
Жыл киносы: "200 пудовая красотка"
Жыл трагедиясы: Жаңаөзен оқиғасы, діни экстремизм
Жылдың дерті: M-agent (қазір айықтым)
Жылдың үздік демалыс орны: Балқаш
Жылдың ең үздік тағамы: асқабақ қосылған манты мен қуырылған тай еті.
Жылдың ең үздік асханасы: Қағанат
Жылдың ең үздік сусыны: таңғы ыстық кофе мен «Буратино» газды сусыны
Жылдың ең үздік әсері: «Түбі бір түркіміз» түркі халықтарының фестивальі
Жылдың ең үздік әндері: Arash – Tanham, Принцесса Авеню - История Любви, Mustafa Sandal - Fikra
Жылдың үздік қаласы: Алматы Forever!!!
Осы жылдың қызығушылығы: блог жазу,тағам даярлап үйрену, түркология мен терминология ғылымына қызығушылық.
Жылдың ең сүйікті адамдары: кішкентай сәбилер. Жаным, жаным. Балаларды қатты жақсы көремін. ))) Бөтен кісілердің балалары болса да! )))
Жылдың үздік шоколады: фундук дәні қосылған Alpen Gold
Ең әдемі еркелету: "Ботам","Фыстык", "Пәшпәнтай" )))
Менің тілегім: АДАМ болыңыздар, АДАЛ болыңыздар, АМАН болыңыздар.