Кезексіз кезексөз))))

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Есімім - Ақжелең. Әкем домбырашы болғандықтан күйдің атын қойыпты))) Алматыда туып, өстім. Бірақ түбім Қызылорда)) Ұстаздар отбасынан шыққан қызбын. Биыл мектеп бітірдім (точнее құтылдым)))) ҚазҰУ-ға түскім келеді. Болашақта журналист болғым келеді. Бірақ филологияға түсем-ау осы. Мінезім әр кезде әртүрлі, көбінесе көңілдімін. 

2. Хоббиің не?

Әдеби кітаптар оқу.

Көңілім соққанда бар дауысыммен ән айту.

1 және 2 теңгелік тиындарды жинау (қазір біраз боп қалды)

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Австралия, Үндістан, Түркия, БАӘ, Чехия, сосын Американың әр штатын түгін қалдырмай көргім келеді.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Қайтып адам болғаным жақсы ғой.

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. 

Ең үлкен жеңіс -жеңілгеніңді мойындай білу, ең улкен ерлік - деңгейіңді пайымдай білу

Всегда выбирайте самый трудный путь - на нём вы не встретите конкурентов. (Шарль де Голль)

Морщины должны только обозначать места, где раньше были улыбки))))))(Марк Твен)

Ең көп қолданатын сөзім "деее" шығар. Себебі көп әзілдеймін)))

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Әлі ешкіммен сүйіспедім және оныммен мақтана алам))) 

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

ҰБТ-дан енді босап, жан-жағыма енді қарай бастадым)))))))))

8. Сүйікті әншіңәртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

Кумирім Пайғамбарым Мұхаммед (с.а.у).

Саясаткерлерім Дінмұхаммед Қонаев, Бекболат Тілеухан, Нұртай Сабильянов.

Сүйікті әншілерім баршылық, себебі талантты әншілер де баршылық.

Актерлардан Берік Айтжанов, Вин Дизель, Джеки Чан, Уилл Смит, Сергей Безруков ұнайды. Сосын Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергенді қосып үлгердім (жас болса да алар асулары әлі алда деп ойлаймын)

Спортсмендерден Мұстафа Өзтүрік, Илья Ильин, Криштиану Роналду, Майк Тайсон.

Сүйікті айтыскерлерім: Жандарбек, Балғынбек Имашев, Төреғали, Бекарыс Шойбеков.

 Аааа сосын режиссёр ретінде осы заманда қазақ кино өнеріне қосқан үлесі үшін Ақан Сатаевты құрметтеймін.

Анардың осы сұраққа жауабы маған қатты ұнады, сондықтан, міне: Өз ісінің шебері, аз сөйлеп көп іс тындыратын, өнер дегенді жете түсінетін, қазаққа жаны ашитын, бірақ бос ұлтшылдықпен кеудесін ұра бермейтін, халқына пайдалы іс тындыратын, түсінігі мол, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар менің кумирлерім.

9. Сүйікті спорт түрі?

Үлкен теннис ұнайды. Футболды көрген ғана ұнайды. Сосын түрлі олимпиадаларда қазақ спортшылары шықса жанып кетем)))))

10. Сүйікті кино? 

"Менің атым-Қожа"

"Қыз Жібек"

 "Клик"

"Притворись моей женой"

"Паранормальное явление 3"

"Правила сьема: Метод Хитча"

"Форсаж 5"

"Такси 1,2,3,4"

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

ЕРКЕК! "Әйел - мойын, еркек - бас" деген принципті ұнатам.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

ӘЙЕЛ

13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Мәңгілікке болса бармас едім. Алматыдан басқа жерді қаламаймын мәңгілік тұруға.

 

Ал, танысқаныма қуаныштымын!!! 



Бөлісу: