Кезексөз. Танысу анкетасы....

Кезексөз. Танысу анкетасы....
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

 Абдрахманова Орынкүл Жұмадиллақызы. 1991 жылы 9 желтоқсанда ОҚО, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында дүниеге келгенмін.

2. Хоббиің не?

Хоббиім би )) Шыгыс және көше билері ))


3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Дүние жүзінің бәрін аралағым келеді )) әсіресе Корея ))


4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

Қайта туылғым келмейді!

5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Өмірлік ұстанымым: Сабырдың дәмі ащы - жемісі тәтті. Жиі қолданатын сөзімде осы, ойымнан шыққан кезі жоқ...

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Есімде )) Оны бұл жерде айтпаймын әрине, жеке құпиям ))

7. кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

жауап жоқ

8.  Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Сүйікті әншім Маржан Арапбаева мен Мейрамбек Беспаев. Шет елдің әншілерінен көөөп ))

Сүйікті актерім Сағи Әшімов болатын, қазір есіме түспей тұрғаны, соған қарағанда көңіл бөлмеймін-ау дим шамасы ))

Саясаткерім Бекболат Тілеухан!


8. Сүйікті спорт түрі?

Бокс және волейбол ))


9. Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Мен тек шытырман оқиғалы киноларды ғана көремін (боевик), көп көрген және көп көре беретін сияқты кином 13 район, Боевые ангелы және Джет Лидын кинолары )) 


10. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Үйде папа басшы әрине )

11. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Менімше екеуіде

13. Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

Осы анкетанын керегі не??? ))

Жазираның сұрағына жауап: Сүйікті адамыммен айға да болса дайынмын ))

Таяқшаны Рабик пен Айкер болса соларға берер едім... Олар жоқ, енді Самат Қабқа берейін, кім екенінізді білгім келеді )))