Кезексөз. Танысу анкетасы....

1.    Өзің жайлы қысқаша мәлімет

  Орынбасар Жазира Орынбасарқызы 1990жылы 9шілдеде жаздың аптап ыстық күнінде кешкі мал өрістен қайтатын уақытта қарапайым теміржолшылар Қалмағанбетовтар отбасында  дүниеге келгенмін. Ата-анамның кенжесімін, өзімнен үлкен 4әпкем бар....

        тұрғылықты жері: Қызылорда қаласы Торайғыров көшесі 155 үй

          оқуы/қызметі: 2012жылдың 10наурызында дипломды қорғадым,мамандығым: Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану, бірақ дипломды жаз айында береді.... Қазіргі уақытта уақытша ағамның жаңадан ашылған бутигінде көмектесіп жүрмін(сапалы аяқ киім қажет болса хабарласыңыздар))))))

            тұрмыстық жағдайы: тұрмыс құрмағанмын, бірақ ойда бар....

               мінезі: өз басыма жетерлік қырсықтығым бар, ақкөңілмін, жылауықпын, адамдарға қамқор, мейірімді

2.    Хоббиің не?

Егер хобби деп айтуға келетін болса,интернеттен қарап түрлі ас мәзірлерін жасағанды жақсы көремін. Тағы хоббиім түрлі жалтырауықтарды жинаймын....

3.    Қай елге саяхат жасағың келеді?

Массагеттіктер сияқты менде Қазақстан қалаларын аралап болған соң, Араб елдерін, Түркия, Швейцария,Ұлыбританияны көргім келеді.

4.    Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

Панда болғанымды қалар едім, сондай сүйкімді және жұп-жұмсақ

5.    Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Өзіңе жасалғанын қаламаған жамандықты басқаға жасама!

6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Жауабы төменде

7.    кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Сүйіктімді! Есімі - Берік!

8.    Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Кумирым жоқ, бірақ сүйіп тындайтын әншім Сәкен Майғазиев

9.Сүйікті спорт түрі?

көркем гимнастикасы, ауыр атлетика

10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Кинодан мелодрама және комедиялардың барлығын қарай беремін, нақты сүйікті кином жоқ

11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

ер адам басшы болғанын құптаймын

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

ақшаны қажеттілікке ұқыпты пайдалана алатын,қажет емеске шашпайтын адам ұстағаны дұрыс

Арайканың қойған сұрағы: ата-анаң және сүйіктің сені қалай деп еркелетеді?

Ата-анам: Мако (әпкем кішкентайымнан солай атап кеткен), Жанбота дейди....

Сүйіктім: Боташым деп еркелетеді

13.  Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз???

Анкетаны жазуды Шырайлы шымкенттің аруы Оркинге және Астананың қызғалдағы Санекажанға  ұсынамын.



Бөлісу: