Кезексөз. Менің мектептегі қызықтарым

Кезексөз. Менің мектептегі қызықтарым
жеке
блог

Осы күні мектептегі қызықтарымның көбін ұмытып та қалыппын. Әйтеуір өте «правильная» қыз болғаным есімде. Ең бірінші сабақ оқу керек деп тек 5-тік алуға бар күшімді салатынмын.

Бірінші сыныпта соңғы қоңырауды басқа бір үздік оқитын сыныптасыма сыңғырлатып қойғанына ренжігенім бар. Ерке болып өскендіктен, әрдайым лидер болуды көздеген менің қатты намысыма тисе керек. Ол кездері жазуым айбақ-сайбақ екені есте жоқ.Laughing

Сосын 5 сыныпта жаңа сыныпқа ауысып келгенде бір сыныптасыммен бірге үйге қайтқанбыз. Сонда оған сыныптағы ең үздік оқитын жігітті ұнататынымды жай ғана айта салған едім. Сосын ертеңінде мұны сыныптастарымның бәрі білетін болып шыққан. YellОны негізі ұнатпайтынмын да, неге солай айтқанымды өзім түсінбеймін.

Бір қыз анкета ұстап, ішіне ұятсыз сұрақтар мен жауаптарды жазып жүргенін біліп, мұғалімге айтып бергенмін. Менің түсінігімде, 7-сынып оқушысы мұндай нәрселерді білмеу керек, айтып, жазбауы керек деп ойлайтынмын. Сөйтіп, сынып жетекшіміз сынып сағатын өткізіп, оларға ұрысқаны бар. Сондай «стукачка» болғанмын.Laughing

Сосын сыныбымда 2 ұл үздік оқушы болды. Үшінші үздік оқушы мен саналатынмын. Сөйтіп, көбіне үшеуміз бәсекелес болатынбыз. Барлық сабақтардан мен алгебра және геометриядан әлсіздеу болатынмын. Дәл сол кезде ана екі бала маған қиын сұрақтар қойып, есімді шығаратын. Әрдайым сол екеуі үшін жылап жүретінім есімде.Cry

Жалпы 9-сыныптан кейін колледжге кетіп қалғаныма қуанамын. Мен қаланың мектебінде оқығандықтан, көбі алматылық бұзықтар еді, оның ішінде өтпелі кезеңде олармен тіл табысу біраз қиын болатын. Колледжде біраз есейіп, өз ортамды тауып, одан да керемет студент шақтарымды өткіздім.