Кезексөз: Мен, Өзім, Жалғыз... үшеуміз жайлы ғой әңгіме
блог
Ассаламуалейкум, достар! Кезексөздің таяқшасы Айнараның атсалысуымен маған бұйырған екен, сұрақтарға жауап берейін.
1.Өзім жайлы
Мен Атенова Гүлнұр Әбиділдақызы 1987 жылы 3 желтоқсанда, таңғы сағат 04:20-да Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында дүниеге келдім. Мен туылған күні қалың қар жауып, ауылдағылар біраз әбігерге түскен екен. 1993 жылыдың 1-қыркүйегінде қолыма бір букет раушан гүлін алып, алғаш рет ауылдағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1 сынып оқушысы атандым. Алғашқы ұстазымның есімі Айсара Сәлімбаева. 1996 жылы әкемнің қызметінің ауысуына байланысты Шымкент қаласына көшіп келіп, №58 қазақ орта мектебінің оқушыларының қатарына қосылдым. 2004 жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, Шымкент қаласындағы ХҚТУ –нің «құқықтану» мамандығында оқып, 2008 жылы бітіріп шықтым. 2004 жылы облыстық жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына кастингтен өтіп, тележүргізуші болып жұмысқа орналастым. Содан бері журналистика саласында үздіксіз еңбек етіп келемін. Менің бала күннен бергі арманым журналист болу. Алайда, ата-анама менің таңдауым ұнамай, амалсыздан «заңгер» болуыма тура келді. Бірақ, үйдегі 3 ұлдың ортасында өскен ерке қыз болғандықтан шығар, айтқанымнан қайтпай, ақыры журналистика саласының тізгінін ұстадым. 2008 жылдың күзінде Алматыға қоныс аударып, әлі күнге ару қаланы мекен етіп келемін. Бүгінде Республикалық «Өнеге» журналының бас редакторымын. Мінезім жайлы айтар болсам,көңіл-күйім жақсы болса, кез келген адаммен тез тіл табысып, ашық-жарқын сөйлесіп кетемін. Кейде керсінше. Тік сөйлеймін, қырсықтығым бар. Көңіліме жақпайтын жұмысты ешқашан істемеймін. Айтқанымнан қайтпай, өзімнің қалауымды іске асыратын әдетім бар. Кешірімшілмін және өзгеден кешірім сұрауды ұят санамаймын.
2.Хоббиің не?
Қолым босай қалса, асханаға кіріп, сан түрлі тағамдарды пісіріп, салаттар дайындағанды ұнатамын.
3.Қай елге саяхат жасағың келеді?
Мұсылмманның 5 парызының бірі Меккеге қажылыққа бару менің ең үлкен арманым. Сонымен қатар Еуропа елдерін түгел аралап шыққым келеді. Әсіресе, Париж, Венеция және Рим.
4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса?..
Тағы да адам болып жаратылуды таңдар едім.
5. Өмірлік ұстанымың?
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен білімің екі жақтап. (А.Құнанбаев)
6.Алғаш рет сүйіскенің есіңде ме?
))))))))
7.Кімді жақсы көресің?
Ата-анамды
8.Сүйікті әнші, әртіс, саясаткерің, неге ол?
Сәкен Майғазиев-заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылып, үнемі ізденіс үстінде жүретін жан. Айгүл Иманбаева- талантына тәнтімін. Саясаттағылардың бәрі бірдей сияқты көрінеді маған)))))))))))
9.Сүйікті спорт түрі?
Бокс
10.Сүйікті фильм?
Әлемдік кинолардың ішінде мен жақсы көретіндері көп-ақ. Ал отандық өнімдердің арасында жақында ғана жарққа шыққан «Жаужүрек мың бала» фильмі. Шыны керек 3 рет кинотеатрдан, 2 рет үйдегі теледидардан көрдім. Сондада қайталап көруден жалыққан жоқпын.
11.Үйде кім басшы болу керек?
Ер азамат басқарған отбасыда береке болады. Менің өскен ортам, туған үйімде басшы әкем, қосшы анам. Келешекте меніңде шаңырағымның басшысы, сүйікті жарым болғанын қалаймын.
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
Әрине, отағасы.
13. Сүйіктіңіз басқа мемлекетке кетем десе, бірге барар ма едіңіз?
Егер ол менің сүйіктім ғана емес, сүйген жарым болса, сөз жоқ соңынан еріп кетемін.
14.Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні не?
Сыналу үшін келеді.
15. Қызғаныштан көре алмаушылық қасиеттері бар адамдарды бір көргеннен тануға бола ма? (Нүрзияның сұрағы)
"Адамның аласы ішінде" деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бір көргеннен өзге адамның ішіндегісін сезіп қою қиын. Жақын араласа келе, білуге болады.
Кезексөздің таяқшасын Сандуғаш Есенбекова деген құрбыма лақтырдым. Қағып ал! Айтпақшы саған сұрағым: Тауық бірініші пайда болды ма алде жұмыртқа ма?)))))