Кезексөз: «Мен Массагетке қалай келдім?» немесе Жаңа өмір бастағым келді
блог
Жоғалып кеткен жанның жырп етіп пайда болғаны қалай деп сөкпессіздер. Басқа, басқа Мақпал әпкемнің қолын қайтара алмаймын. Кезексөзді ұсынғаныңызға көп рахмет! Ал, неге жоғалдым деген сауалға сәті келгенде арнайы бір жазба жазармын. Ендеше көп созбай кезексөзге оралайын.
Жалпы мен блог әлемін kazjur.kz- тен бастадым. Жаңылайдың арнайы сабағынан кейін сонда тіркеліп, кішігірім жазбалар жаздым. Шыны керек, тартпады, оның үстіне өзім де салқындық танытып, аса қатты қызыға қоймадым. Менің бір кемшілігім жұрттың үйреткені маған үйреткен болмайды, өзім шұқылап үйренбейінше бәрібір дым қақпаймын. Содан уақыт өте келе жаңаша блог ашып, жазбалар жазғым келді. Бірақ, жаным өзге жерді қалады. Марқұм Айдос бір әңгімесінде Айтабер, Массагеттің блогтары жайында айтқан еді. Сол есіме түсіп Массагетті аштым, өз бетіммен тіркелдім.
Осылайша жаңа өмір бастағым келді және оны бастадым да. Себебі, рухани сырластар, көптеген таныстар мен достар кездестірдім. Ең бастысы өзімді еркін сезінетін орта таптым. Осы үшін Массагетке алғысым шексіз. Айтқандай, өткен жылғы туған күн әлі есімде, сол күнді сағынып кеттім.
Өзгелер сияқты массагетті ашылғалы білемін деп айтпаймын. Себебі, тек тіркелгенде ғана онымен таныстым. Бірден махабаттым ашылды деп те өтірік сөйлемейін. Оның бәрі уақыт өте келе пайда болды. Кейін кірмесек бірдеңе жетіспей тұратындай хәлге жеттік. Ал, қазір блогтан алыстап кеттім, ол рас. Дегенмен, Қайрат Нұртас шырқағандай мен оралам...
Пысы: Кезексөзді пайдалана отырып сүйікті массагетті туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге табыс тілеймін! Жасай бер мәңгі «Массагет»!!!
Кезексөзді Ақбота Мұсабекқызына табыстаймын.