Кезексөз: "Мен Массагетке қалай келдім?"

Кезексөз: "Мен Массагетке қалай келдім?"
жеке
блог

Массагет сайтының ашылғанына үш жылдан астам уақыт болды. Осыған орай ұйымдастырылып жатқан эстафета таяқшасы маған да келіп жетті. Олай болса сөз кезегі өзімде. 

Ең алғаш рет Массагет сайты туралы ақпаратты досым Өмірбектен естіген болатынмын. Себебі өздеріңіз білетіндей, Өмірбек спорт десе ішкен асын жерге қояды. Біз ҚазҰУ-дың нөмірі 17 жатақханасында бір шаңырақ астында тұратынбыз. Ол кезде Фараби есімді Массагет сайтының журналисі біздің бөлмеге жиі-жиі ат басын бұрып, Өмірбек екеуі спортқа қатысты барлық мәліметті бір-бірімен алмасатын да жататын. Сөйтіп жеке басым сырттан соларға қызыға қарап, әңгімелерін тыңдайтынмын. Кейіннен олардың артынан еліктеп, ноутбугіме ғаламтор жүйесін қосып алып, анда-санда Массагет сайтын жағалап қана жүретінмін. 

Мен ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті екі шет тілі мамандығының 3 курсын оқуып жүрген кезімде Айгерімді үнемі жолықтырған сайын "Сіздерде ағылшын тіліне қатысты жұмыс бар ма?" деп сұрайтынмын. Себебі оқуымды өз мамандығыммен байланыстырғым келді. Шынын айту қажет, ол кезде Массагет сайтында жұмыс істеу маған мүмкін емес істпеттенді. Өйткені көрші топта оқитын досым Жолдас оған дейін жұмысқа орналасуға бірнеше мәрте әрекет еткен болатын. 2014 жылы оқуы жылы таяп, емтихан бізді әуреге салып жүрген кезде барлығы бір арнаға тоғысып қабаттасып кетті. Жеке проблемалар дегендей. Осы сәтте мені өз інісіндей есептеп жүрген Айгерімнен қуанышты хабар естідім. Сонда қуаныштан төбем көкке екі елі жетпей қалды. Сөйтіп ол хабарды көп кешікпей Жолдасқа хабарладым.

Барлығы қас-қағым сәтте болды. Жұмысқа кіру мүмкін емес сықылды болды дегенімнің жаны бар екен. Себебі бастыққа тікелей кірмес бұрын, Болат, Мейіргүл, Еркебұлан алғаш болып әңгімелесу өткізді. Тек одан кейін ғана бастыққа кірудің мүмкіндігіне жол ашылды. Бәрін айтта бірін айт, осылайша Массагетке жұмысқа тұрдым. 

Кезексөз таяқшасын әріптесім Мейіргүл Оңғарова мен Қайреке Серікұлына және Нұршат Әлімқызы мен Аселхан Торбаеваға ұсынамын.